Наубайхана және дүкен ашылды

(Дауыстар: 1)
Наубайхана және дүкен ашылды15 қазанда ШҚО Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылында наубайхана және «Максим» дүкенінің салтанатты ашылуы болып өтті.

Наубайхана және дүкен ашу үшін Наталья Александровна Валуйская 2013 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 3 000 000 теңге несие алды. Ары қарай өзінің осы бастаған ісін дамыту үшін Н.Валуйская 10 000 000 теңге мөлшерінде өз қаражатын жұмсады. Құрылыс салуға «Алмаш» шаруа қожалығының басшысы Александр Владимирович Минаев көп көмегін тигізді.

Нәтижесінде Дмитриевка ауылында айлықтары 30000-40000 теңге аралығындағы 5 жұмыс орны құрылды.

Түскі мезгілде наубайхана алдына ауыл тұрғындары жинала бастады. Келушілерді Бородулиха ауданының әкімі Г.И.Акулов құттықтап, ашылған дүкеннің ары қарай көркейіп, дамуын тіледі.

Енді ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ, арзан бағамен ыстық бөлке нан, қажетті тауарларын сатып алатын болады.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар