Инклюзиті білім беру орталығы табысты жұмыс істеуде

(Дауыстар: 1)
Инклюзиті білім беру орталығы табысты жұмыс істеуде

Бүгінгі таңда Инклюзивті білім беру жүйесі мемлекетіміздегі көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Инклюзивті білім олардың бүгінгі қоғамда еш кедергісіз өмір сүруінің зор мүмкіндігі.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында орналасқан «Үржар тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі, «ШАПАҒАТ» емшарасы жас ұрпақ денсаулығы үшін өз жұмысын атқаруда.

Мекеме директоры «Нұр Отан» партиясы облыстық маслихат депутаты Жанкушікова Рысқан Жағыпарқызы өз сөзінде: Біз қайткен күнде мүмкіндігі шектеулі жандарды бүгінгі қоғамнан қалдырмай оларға заман талабына сай білім беріп, қамқор бола білуіміз керек. Бұл балаларға тек білім беріп қана қоймай оларға қоғамымыздан өз орындарын табуына көмек беріп, кемсітуден аулақ болуымыз керек екенін айтты.

Үйді-үйге барып қызмет көрсеткен шапағат қызметкерлерімен тілдескенде, ол заманан өткенін, бүгінгі таңда емделуші балаларға зор мүмкіншілік туғанын қуана әңгімеледі.

Инклюзиті білім беруИнклюзиті білім беру

Аталған мекемеде мүмкіндігі шектеулі балаларға 8 түрлі арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіліп, жоғары білікті, көп салалы, кешенді сауықтыру шараларын ұйымдастыру арқылы олардың денсаулықтарын оңалту көзделіп отыр. Мекеме 50- балаға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді.Соның ішінде 30 - ақыл есінде кемістігі бар бала болса, 20-сы тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балалар. Сауықтыру мекемесінде арнайы қызмет көрсету лицензиясы және физиокабинет ашу рұқсаты да бар көрінеді.

Мекеме ғимараты арнайы құралдармен толық жабдықталған балалардың толыққанды өмір сүруіне қолайлы. Әр бөлме жабдығы бала денсаулығын, жасын, жынысын, психологиялық жай-күйін ескере отырып әзірленген. Техникалық қауіпсіздік ережесі қатаң сақталған. Арнайы стандартқа сай дене шынықтыру тренажерлері, қажетті әдістемелік оқулықтар мен балалардың ойын бөлмелері ой дамыту ойыншықтарымен толықтырылып отырады. Әліде мекеме ортездік құралдармен толықтырылуда.

Тәрбиеленуші жандар мүмкіндігінше түрлі ота жасату үшін Астана қаласына, Ресей мемлекетіне, Кореяның Сеуль қаласында, сауықтыру санаторияларында, «Алакөл» жағалауындағы сауықтыру лагерінде болып, оң нәтижемен оралуда.

Бала денсаулығы үшін қайырымдылық акциялары мен мейірімдік шаралары ұйымдастырылады. Оқушыларға орта білім беру мақсатында Б.Турлыханов ОМ мен М.Горький ОМ ге тасымалдау көлігі арқылы жеткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі баланы түрлі жағдайға бейімдеу үшін әр түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізіледі. Мекеме қабырғасында тәрбиеленуші балалар да тек жүрмей, ұстаздарына қуаныш силауда түрлі жарыстарға қатысып, көрмеге өз қолөнерлерін қойып, ән байқауына қатысып, бас жүлде иегері атанып жатқандары да баршылық.

Инклюзиті білім беру орталығыИнклюзиті білім беру орталығы

Технология пәнінен ұлдарға ағаштардан, жеміс дәндерінен, жәндік сүйектерінен құрастыру жұмыстарын оқытса, қыз балаларға ас даярлау, тоқыма тоқу, тігін тігу, ою-өрнек ою сабақтары жүргізіледі.

Арнайы мамандандырылған бұл мекемеде балалардың диогнозына байланысты уқалау шарасы да жасалады. Осындай қажырлы еңбектің арқасында зор нәтижеге жеткен мекеменің таяу арада жаңа ою құрылысы аяқталып, ашылу салтанаты да болмақ.
Еңбек және бейнелеу өнерінің мұғалімі Мырзабекова Ардақ өз сөзінде:

«Тоқыма тоқу және сурет салу қол бұлшықетінің қызметінін жақсату болып табылады» - деп атап өтті.

Бала денсаулығына қажетті суда емдеу әдісі, ат үстінде емдеу және Монтессори әдісі бойынша емдеуге барлық күш салынуда.

Он саусағынан өнер тамған бұл балалар тек қолөнердің ғана емес сондай-ақ ән-би өнерінің де шебері екеніне көз жеткізді. Ендеше бұл балалар мүмкіндігі шектеулі емес, өзге еріншек дені сау балаға үлгі боларлық бала екенін дәлелдеп отыр. Кентау қаласында кәсіптік техникалық колледжде білім алып жүрген 4 студентте осы ұядан ұщып отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың алға қойған мақсаты болашақта ата-анасына масыл болмай өздерінің басқа азаматтар секілді толық қанды еңбекке қабылетті, өз бетімен өмір сүре алатынын және ата-анасына да қамқорлық жасайтынын дәлелдеу.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар