Саксония кәсіпкерлері Шығыс Қазақстанмен жұмыс істеуге ынталы

(Дауыстар: 1)
Саксония кәсіпкерлері Шығыс Қазақстанмен жұмыс істеуге ынталы

Өскемен қаласына Германияның Саксония федералды жерінің экономика департаментінің төрағасы Манфред Либль бастаған делегация келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан мен Саксония жерінің экономикалық қарым-қатынасын арттырып, екі ел арасында ынтымақтастық байла-ныс орнатуға бағытталған саксониялықтардың Шығыс Қазақстанға сапары «Алтай» технопаркіндегі технологиялық форумнан басталды.

«Өнеркәсіпті, металл өңдейтін кәсіпорындарды қайта жарақтандыруға арналған инновациялық өндірістік технологиялар» тақырыбымен өткен форумды ашқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев:

- Шет елдермен сыртқы экономикалық байланыстарды арттырып, өзара интеграциялар аумағын кеңейту - біздің еліміздің бүгінгі күнгі басты мақсаттарының бірі. Бүгінгі кезде-судің Шығыс Қазақстанда өтіп отыруы кездейсоқтық емес. Облыста Қазақстанның үлкен әлеуеті шоғырланған, - деп аймақтағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен, өңір-дің әлеуетімен таныстырды.

Саксония экономика департаментінің төрағасы Манфред Либль Саксония жері, саксониялық машина жасау саласы, энергия және ресурс үнемдеу жағынан тиімді өндіріс-тер құрудағы инновациялық технологиялар мен жетістіктері туралы әңгімелеп берді.

Шығыс Германияда, Польша мен Чехияның шекарасында жатқан Саксония жерінде төрт миллионнан астам адам тұрады. Департамент төрағасы шағын аймақ екеніне қарамастан, өздерінде машина жасау, микроэлектроника саласы мықты дамып отырғанын жеткізіп, жаңадан іске қосылып жатқан өндірістерінің де дені экспортқа бағытталып отырғанын айтты. Жылына 600 мың автокөлік шығаратын Саксония бүгінде БМВ электромобильдерін өндіруді қолға алған. Манфред Либль делегация құрамында келген сол кәсіпорындар өкілдерімен таныстырды.

Өз кезегінде шығысқазақстандық кәсіпорындар да қонақтарды өндірістерімен, жоба, жоспарларымен ақпарат-тандырып, бірлесе жұмыс істеп, серіктес болуға шақырды.

«Ертіс» ӘКК директоры Манарбек Сапарғалиев, «Азия Авто» АҚ техникалық дамыту жөніндегі директоры Дмитрий Павлов, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС басшысы Владимир Аксенов саксониялық әріптестеріне Шығыс Қазақстанға инвестиция салуға, өскемендік өндіріс орындарымен жұмыс істеуге мол мүмкіндік барын жеткізді. Өскемен мен Семейдегі индустрияландыру аймақтарына шетелдік инвесторларды орналастыруға жақсы жағдай жасалғанын, биыл «Инвестиция туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сай шетелдік инвесторларға кедендік төлем, жер, мүлік салығы, басқа да жағынан айтарлықтай жеңілдіктер беріліп, инвес-торларды қамту орталығы жұмыс істеп жатқандығынан хабардар етті. Саксониялық кәсіпкерлерді бизнесті дамытуға орай туғызылып жатқан бұл қолайлы жағдайлардың бәрі де бейжай қалдырған жоқ.

Форум соңынан облыстың, Саксония федералды жерінің кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық орнатып, экономикалық, сауда-саттық байланыстарды арттыруға орай түрлі секциялар бойынша жұмыстарын жалғастырды. Өзара пікір алмасу барысында саксониялықтар облыста туризм, кен байыту, машина жасау саласы бойынша бірлесе жұмыс істеуге ынталы екендіктерін білдірді.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар