Алматы мен Өскемен арасында жүйрік пойыз қатынайды

(Дауыстар: 1)
Алматы мен Өскемен арасында жүйрік пойыз қатынайды

Қазанның 29-ынан бастап «Алматы-2 - Защита» бағытында «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған №69/70 жолаушылар пойызы жолға шығады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының хабарлауынша, жүйрік пойыз күнара қатынайтын болады. Құрамы 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист» вагондары мен 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-бар және 3 техникалық вагоннан тұратын пойыз жолаушыларды Өскеменнен Алматыға 17 сағатта жеткізеді. Жолай Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар стансаларына аялдайды.

Бұған қоса аталмыш компания 14 қарашадан бастап жүретін «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүру жеңілдіктері алдағы 1 қарашадан енгізілетінін жеткізді. Яғни, адамдар билетті ертерек сатып алған жағдайда 25 пайыздық жеңілдікке ие болады. Есесіне, пойыз жүргелі тұрғанда сұранысқа сәйкес билеттер құны өзгеруі мүмкін.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін «Астана-Защита» бағытында да «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы қызмет көрсете бастайтын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар