Бауыржан Ғұбайдуллин - «Жаныма жақын жағалау»

(Дауыстар: 1)
Бауыржан Ғұбайдуллин - «Жаныма жақын жағалау»

Бауыржан Ғүбайдуллин Әбу Насыр әл-Фараби атындағы қазақтың үлттық университетінде оқып жүргенде-ақ білімдарлығы сол, ауқымды тақырыптарға қалам сілтейтін-ді. Төртінші курста (1992 жылы) Бауыржанның атақты жазушы Оралхан Бөкеевтен алған сүхбаты журфактың студенттері арасында кәдімгідей сенсация ггуғызды. Ол кезде студенттер қауымы «Атау керенің» авторынан сүхбат алмақ түгілі, сэлемдесуге бата алмай, Бөкеевтің өзіне керім жарасатын кербез жүріс-түрысын сырттай бақылағанға мэз болатын. Ал біздің Баукең өзі шығармашылығын ерекше бағалайтын сүйікті қаламгеріне өзінің көкейіндегіге қоса, оқырманның ойындағы сауалдарды дөп қойып, толымды жауаптар ала білді. «Халыққа қалқан болатындар бар да, халықты қалқан түтатындар да бар» деп ағынан жарылған еді сол жолы Орағаң. Задында мүндай жауап қойылған сұрақтар орайына да байланысты болса керек-ті. Сүх- бдгтың оп бойынан студент Ғүбайдуллиннің қабырғалы қаламгсрдсн сыр тартып, сұхбаггасуға үлкен эзірлікпен барғандығы апық аңғарылады.

Бауыржап Ғұбайдуллин - біраз жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің бас редакторы. Бір ғасырға жуық тарихы бар газет редакциясына басшылық жасайтын ол журналист ретінде косемсоз арқылы үлтының жоғын жоқтап, тарихтағы ақтаңдақтарды жерінс жеткізе зерттеп, қазақ оқырманына темірқазық ой айтып, бүл салада да олжа салып жүр. Орал қаласының түбінен табылған Жайық қалашығы жоніндегі қаламгердің талғам таразысы шаһардың жылнамасы XIV ғасырдан бастау алатындығын айғақтай түседі. Орнықты уэж айтып, өз ойын ортаға салған қаламгер Ғүбайдуллин «Қыз Жібек» жырьшдағы қаскөй Бекежанды бүрыс пікірден арашалап, тарихи деректің анық-қанығын зерделейді. Сөйтеді де, Бекежан Айбекүлының ерлікке толы шежіресін ортаға салады. Ақырында журналист «Қазақтың арғы-бергі шежіресінде өзіне қоса, үш үлы бірдей тарихта батыр деген атпен қалған ер-азамат, сірә, тарпаң мінезді жалғыз Бекежан баһадүр болса керек» деп түйіндейді. Риясыз сенесіз. «Бекежанды бекер жазғырып жүр екенбіз ғой» деген ойға қаласыз.

Алаштың ақтаңгер бард ақыны Табылды Досымов туралы оның көзі тірісінде-ақ Бауыржан қалам таргқан. Ақынның өшпес онерін асқақтата бағалап, Баукең ерекше онер иесінің тағдырына алаңдаушылық білдірген-ді сол жолы.

«Табылдың тағдыры есіме түссе, Қадыр ағаның:
Таланттың кішісін де, ірісін де
Сыйлау керек козіпің тірісінде, - деген жыр жолдары ойыма оралады» деп бір қайырған еді Бауыржан өзінің «Орал өңірі» газетіне 2002 жылы жазған «Көзінен муң көрдім...» атты мақаласында (тап осы мақала республикалық «Айқын» газетінде де жарық корді). Біздің Баукең байқампаздық танытып, жар салғаиымен, ақынды халқы қадір тутқанымен, керенау кеңселердегі шікірейген шенеуніктер мыңқ ете қойған жоқ. Талантты тірі кезінде лайықты бағалай алмадық. Әлгі мақала жарық коргеннен кейін Табыл сері араға сегіз жыл салып барып емірден озды...

«Хоккейдің Пушкині һәм футболдың Харламовы». Баукең жазған кезекті бір мақаланың тақырыбы. Әйгілі Валерий Харламов туралы. Журналист әлемдік деңгейдегі спортшы туралы әдемі эңгімелейді. Спорттан бейхабар кісінің озі осы мақаланы оқығаннан кейін мұзайдынға қарай асығатындай. Әсерлі. Тіпті тың дерек адамды баурай түседі. «Автоколікте омірге келіп.., ...автокөлікте омірден озды» деген тақырыпшаның озі-ақ аты аңызға айналған хоккейшінің тағдыр-талайынан дерек береді. Тапқырлық па? Тапқырлық!

Бауыржанның жазғандарын оқырмандары іздеп жүріп оқиды десек, асылық айтқандық емес. Оның қаламы ылғи да қызықты тақырыптарды қаузайды. “Журналисті аяғы асырайды” демекші, бас редактор лауазымына қарамай, ел ішіндегі кейіпкерлерімен етене араласады деген соз бүл. Оның «Бірден екі келіншек алған сабазын» езу тарта отырып, бір деммен окыдық. Қызықты жазылған. Болған оқиғаны оқырман бас алмайтындай етіп жазу, сірә, Баукеңнің шеберлігін айшықтай түссе керек.

Жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллиннін каламгерлік диапазоны өте ауқымды. Балалар жазушысы ретінде ұландар тақырыбынан бастап, публицист ретінде ұлттык мүдде, тіпті халықаралық жағдай, ғаламдық мэселелерге дейін қалам тербеп, оқырмандарына эр мақаласы олжа саналатын журналистің арманы бар ма?! Біздің Баукең, Бауыржан Ғүбайдуллин сондайлардың сойынан. Ендеше, жазар көбейсін, Бауке! Оқырманынды олжаға кенелте бер қашанда!

Ғабит МҮСІРЕП,
«Рауан» баспалар үйі ЖШС-ның бас директоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлыгыпың және ҚР Президенті сыйлыгының лауреаты
Ермахан ШАЙХЫҮЛЫ,
Балгабек Қыдырбекүлы атындагы сыйлыңтың екі мәрте иегері, Қазацстан Жазушылар одагының мүшесі
Айдар: Мәдениет

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар