«Сәнді нөмірлер» ШҚО бюджетін бір аптада 4,9 миллион теңгеге толықтырды

(Дауыстар: 1)
«Сәнді нөмірлер» ШҚО бюджетін бір аптада 4,9 миллион теңгеге толықтырды

Шығыс Қазақстан облысының бюджеті бір аптаның ішінде автокөліктерге берілген «сәнді нөмірлердің» арқасында төрт миллион 902 мың 244 теңгеге толықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

20-қазаннан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енгені белгілі. Аталған заңға сәйкес автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн - айлық есептік көрсеткіштен 13 700 пайыз (ақшалай баламасы 253 мың 724 теңге); автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - айлық есептік көрсеткіштен 22 800 пайыз (422 мың 256 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж белгіленген болатын.

Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаевтың айтуынша, әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан бөліністерінде бір жұмыс аптасының ішінде он алты «сәнді» мемлекеттік нөмір сатылыпты. Сатылған он алты мемлекеттік нөмірдің үшеуі -001, екеуі - 777 нөмірлері. Бұл «мерейлі нөмірлердің» әрқайсысының құны 422 мың 256 теңге, қалған он бір нөмір 253 мың 724 теңгеден сатылған.

Республика көлемінде 20-25 қараша аралығында 342 нөмір сатылып, мемлекет қазынасына 119 миллион теңге түскен.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар