«Теңізшевройл» мен Шығыс Қазақстан арасында байланыс нығая түседі

(Дауыстар: 1)
«Теңізшевройл» мен Шығыс Қазақстан арасында байланыс нығая түседі

Кеше Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тим Миллер бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағындағы ең қауіпсіз компания саналатын кәсіпорын негізінен мұнай, газ және күкірт шикізатын өндірумен айналысатыны белгілі. Аталмыш өндірістерге Шығыс Қазақстан аумағындағы кәсіпорындар шығаратын қондырғылар мен материалдар да қолданылады. Кездесу барысында осы байланыстарды әрі қарай тереңдете түсу, өңір экономикасын дамыту, отандық тауар өндірушілерді өндіріс пен қызмет түрлерінде жергілікті құрамды сақтай отырып қолдау мәселелері қаралды.

ШҚО әкімі екі күндік сапар барысында компания басшылары индустриялды Шығыстың бар әлеуетіне қанығатынына сенім білдірді. Бұл сапар облыс пен серіктестік арасындағы жаңа деңгейдегі байланыстың бастауы болатынын да атап өтті. Елімізде ет экспортын тұңғыш жолға қойған облыстардың бірі болып саналатын біздің өңір кәсіпорын жұмысшыларына сүт пен бал, панты өнімдерін де ұсына алатынын ерекше атады.

Геолог мамандар еліміз бойынша бізде ғана даярланатынын айтқан ШҚО әкімі білікті мамандармен қамту бойынша да байланыстар орнатуға болатынын баяндады. Өз кезегінде Тим Миллер Шығыс Қазақстанға арнайы делегациямен келгенін, бұл компанияның осы өңірмен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екенін жеткізді. «Теңізшевройл» ЖШС делегациясы облыс аумағындағы ірі өндіріс ошақтарының жұмысымен танысып, мұнай-газ өндірісіне қажетті құрылыс материалдары мен инфрақұрылым бөлшектерін шығаратын кәсіпорындарды араламақ. Сондай-ақ, өңірдің туристік әлеуеті де компания басшыларының назарына ілігіп отыр.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар