Глубокое және Алтайский кенттерінде Өскемен қаласының күні өтті

(Дауыстар: 1)
Глубокое және Алтайский кенттерінде Өскемен қаласының күні өтті

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен «Ауылым - алтын бесігім» акциясы шеңберінде ағымдағы жылдың 30 қазанында Глубокое ауданындағы Глубокое және Алтайский кенттерінде Өскемен қаласының күні болды.

Аудан мұғалімдері Ново-Иртыш және Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое ОМ облыс орталығының мұғалімдерін қарсы алды. Өскемен қаласынан келген қонақтар білім беру саласындағы келеңді мәселер: ҰБТ дайындық және мектепалды дайындық бойынша шебер-сыныптар өткізді. Аталған кездесуден мұғалімдер көптеген жақсы әсерлер алды. «Аталған кездесулер өте пайдалы, әсіресе жұмысын жаңа бастағандарға әріптестерге», - деп өзінің әсерімен Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое ОМ мұғалімі Татьяна Георгиевна Белоусова. Прогресс орта мектебінің мұғалімі Кадиша Жумагазовна Фатхутдинова осындай кезесулерді ары қарай жалғастыру керектігін ұсынды және практикант мұғалімдерден көптеген пайдалы ақпарат алды. ҚАЕУ және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мұғалімдері Иртыш кенінің кеншілерімен және жоғары сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша кездесу өткізді.

Өскемен қаласының делегаттары жас техниктер станциясында, балалар шығармсашылық үйінде, балалар музыка мектептерінде болды. Өскемен қаласының әкімі Т.Қасымжанов ЖТС жұмысын қатты бағалады.

Сонымен бірге, аудан тұрғындары облыс орталығының дәрігерлерінің қабылдауында болды және тұрмыстық және кеңсе тауарларының жәрмеңкесінде болды.

Осы күні Өскемен қаласының және Глубокое ауданының спортсмендері өзара волейбол бойынша жолдастық кездесулерін ұйымдастырды.

Кездесу облыс орталығының көркемөнерпаздар ұжымының «Ауылым - алтын бесігім» атты Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткачтың қатысуымен ұйымдастырылған концертімен аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар