«Жекпе-жектен» халықаралық турнир өтті

(Дауыстар: 1)
«Жекпе-жектен» халықаралық турнир өтті

Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аралас жекпе-жек түрлерінен халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Жекпе-жек» деп аталатын бұл дүбірлі додаға отандық спортшылардан бөлек Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты көршілес елдерден отыздан астам сайыскер қатысты. Финалдық жекпе-жектерге қарағанда турнирдің іріктеу кезеңдері аса тартысты жағдайда өтті. Сарайға лық толған жанкүйерлердің қызу қошеметіне бөленген спортшылар жауапты сынның алдында аянып қалған жоқ. Бар шеберліктерін паш етті. Ұлттық спортымыздың сәнін кіргізетін әдемі әдіс‑тәсілдер де іріктеу сындарында кеңінен қолданылды.

Бір күнге созылған «Жекпе-жек» қорытындысы бойынша жеті салмақ дәрежесінде мықтылар анықталды. Олардың ішінде Шығыс Қазақстанның намысын қорғаған жігіттер де бар. Атап айтсақ, өскемендік «Антей» клубының өкілдері 55 келіге дейінгі салмақта Олжас Закарьянов бірінші орын, 60 келіге дейінгі салмақта Мұстафа Шаяхметов екінші орын, 65 келіге дейінгі салмақта Сымбат Есембаев бірінші орын, Қайсар Рахимов үшінші орынды иеленді.

Осы жарысқа Риддер қаласынан келген Дмитрий Шехматов үшінші (70 келіге дейін), Имран Тайсумов үшінші (75 келіге дейін), Данил Зиновьев бірінші (80 келіге дейін), Владимир Фоминых үшінші (90 келіден жоғары) орындарды жеңіп алды.

Сондай‑ақ, 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен өскемендік «Антей» клубының өкілі Талант Сейітпеков үшінші орынды қанағат тұтты.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар