Балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның жаңа кітабының тұсаукесері өтті

(Дауыстар: 1)
  • 4 қараша 2014, 17:50 |
  • Пікірлер: 1
Балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Өскемен қаласындағы ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Ағыл-тегіл» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тұсаукесерге кітап авторы Астанадан арнайы келіп қатысып, балалармен кездесті.

Толымбек Әбдірайым - Аягөздің тумасы. Еңбек жолын бұрынғы Шұбартау ауданының «Жаңа өмір» газетінен бастаған. Одан кейін Алатауға ат басын бұрған журналист «Алатау жұлдызы», «Жетісу», «Қазақ әдебиеті» сынды басылымдарда, Көкшетау телерадио комитетінде еңбек еткен. 2006 жылдан бері Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Жас өркен» ЖШС‑нің Астанадағы өкілі. Бүгінге дейін балаларға арналған 117 әңгіме, үш хикая, 25 ертегі жазған.

Тұсаукесер рәсіміне келген қала мектептерінің оқушылары авторды сұрақтың астына алды. «Білсем, көрсем, ұқсам» дейтін құймақұлақ балалар жазушының шығармалары жайында көңілдерінде жүрген сұрақтардың жауабын Толымбек Әбдірайымның өз аузынан естіп, қанықты. Қаладағы №16 мектептің оқушылары жазушының «Ине мен жіп» ертегісінің желісінде қойылым қойды.

Осы шара үшін елордадан арнайы ат терлетіп келіп, кітапхананың кішкентай оқырмандарымен сыр шертіскен жазушыға кітапхана директоры Гүлзада Карчалова алғысын білдірді.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Мүсілім Сқақов | 9 қараша 2014 23:34
Толымбек ағаның жазғандарын, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына арналған шағын шығармаларын "Балдырған" журналынан және "Ұлан" газетінен қадағалап оқып жүремін. Мақтағаным емес, шағын әңгімелері мен ертегілері мөлдір, шынайы әрі оқырманды жетелеп ала жөнеледі. Рахмет сізге, Толымбек аға! Деніңіз сау, жазарыңыз мол болсын! Енді көлемділеу повестеріңізді де оқитын болайық.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар