Суретшілер байқауының қорытындысы шығарылды

(Дауыстар: 1)
Суретшілер байқауының қорытындысы шығарылды

Қараша айының бесінші жұлдызында Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан өнер мұражайында «Абайды танып, біл!» бейнелеу өнері туындылары облыстық байқауының қорытынды көрмесі ашылды.

Бұл көрме Шығыс Қазақстан облысы суретшілері шығармашылық жұмыстарының жыл сайынғы қорытындыларын шығару дәстүрінің жалғасы болып табылады. Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуы қарсаңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастамасы мен қолдауының арқасында биылғы мұндай көрме-байқау ерекше әлеуметтік және рухани маңызға ие болып отыр. Қазақ үшін Абай - мәңгілік махаббат және мәңгілік мұң, және ерменнің ащы дәмі, өйткені оның өзінің нәсілдестеріне айтып кеткен қарасөздері бүгінгі күні де аса өзекті. Біреулер үшін Абай - ұлы лирик, енді біреулер үшін - демократ, үшінші біреулер үшін - философ. Осының барлығын пластика тәсілі арқылы қалай білдіруге болады? Сөз бен ойдың тілін бояу, сызбалар, жарық пен көлеңке тілдеріне қалай көшіруге болады? Бір қарағанда мүмкін емес міндет сияқты. Алайда, «Абайды танып, біл!» көрмесіне келген адам, суретшілеріміздің ол міндетті абыроймен орындап шыққандықтарына көздерін жеткізді.

Абай - халқымыздың мақтанышы ғана емес,біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту - біздің ғұмырлық парызымыз. Өйткені, Абайды әлемге таныту - әлемге қазақты таныту деген сөз.

Бүгінгі көрмені өткізудің алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіліп, біраз суретшілер Абай елінде, Абай жерінде бір апталық плэнерде болып, ұлы ақынға қатысты тарихи орындарды аралап, сурет салып, аудан орталығы - Қарауылда этюдтер көрмесін өткізген болатын. Тағы бір атап өтерлік қуанышты жайттың бірі - бұл көрмеге Өскемен, Семей, Шемонаиха қалалары, Абай ауданы қылқалам шеберлерімен бірге Павлодар қаласы суретшілерінің де қатысуы.Және де биыл кәсіби шеберлер байқауына әуесқой суретшілер мен жас авторлардың - Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы мен Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті студенттерінің жұмыстары да қабылданды.

Суретшілер байқауының қорытындысы шығарылды

Көрменің ашылу салтанатында жұртшылық Абай ролін сомдаған облыстық драма театрының актері Қ. Ниязбековтың өнерін тамашалап,, облыстық филармонияның әншілері орындаған Абай әндерін сүйсіне тыңдады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков партияның осы бірегей жобасын қолдап, оны іске асыруға белсене қатысқандардың барлығына алғыс айтып, өзінің жылы лебізін білдірді.

Өнер мұражайының директоры, мәдениеттанушы Нұржази Әнуарбекқызы Қалиева төрағалық еткен, құрамында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Қайырсынов, «Нұр Отан» ХДП Абай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ. Дүрмекбай, өнертанушы, ШҚО архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы директорының орынбасары Т. Быкова, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, доцент, ҚР Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі М.Мырзақанов, Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры Ж. Әубәкіров сияқты мамандар бар қазылар алқасы отыз үш автордың көрмеге қойылған елу жеті жұмысының барлығын мұқият қарай келіп, байқаудың Бас жүлдесіне есімі елімізді қойып, Америка мен Европа елдерінің өнер сүйер қауымына танымал керекулік суретші Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың еңбектерін лайық деп тапты.

«Портрет» аталымы бойынша өскемендік Н.Аштема, семейлік Т. Жұбанышев, «Сюжеттік шығарма» аталымы бойынша өскемендік Е. Тұрғанбаев пен семейлік Ғ.Макаров, тиісінше, бірінші және екінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, «Мүсін», « Тарихи нақтылық», «Тақырыпты философиялық оқу» және «Жас дарын» аталымдары бойынша, тиісінше, өскемендік М. Кульчаев, Г.Бекбердинова, семейлік Т.Татиев пен М.Қайырхан марапаттарға ие болды.

Айтмұхамбет Қасымов,
журналист, ШҚ Өнер мұражайының қызметкері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар