Теннистен халықаралық турнир Өскеменде өтті

(Дауыстар: 1)
Теннистен халықаралық турнир Өскеменде өтті

Өскеменде теннистен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ITF Juniors G3 халықаралық турнирі аяқталды. Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Ресей, Украина, Түркия және Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысып, бас демеуші «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіккен жүлделерді сарапқа салды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр аталмыш турнирдің жалпы жүлде қоры 10 мың долларды құраған-ды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақылар табыс етілген. Биыл бұл дәстүр сәл өзгертіліп, турнир чемпиондарына қымбат ноутбуктер, ал күміс медаль иегерлеріне «Samsung Galaxy S5» қалта телефондары берілді.

Халықаралық жарыс жоғары деңгейде, аса тартысты жағдайда өтті. Оған дәлел ретінде осы турнирдің өткен жылғы чемпионы атанған басты фаворит өзбекстандық Жорабек Каримовтің жартылай финалға жетпей сүрінуін айтуға болады. Іріктеу кезеңінде өзбек теннисшісі ресейлік Николай Колобаевқа жол беріп қана қоймай, ойын барысында жарақат алып, жарысты тоқтатты. Есесіне, жекелей разрядта ақтық сынға жолдама алған қос қазақстандық Болат Мамыр мен Жанұлан Чемботаев чемпиондық атаққа таласты. Нәтижесінде, алғашқысы ITF Juniors G3 турнирінің чемпионы атанды. Болат өзінің қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Ал жұптасып өнер көрсетуде түрік теннисшісі Эфекан Булбул мен өзбекстандық Саидало Саидкаримов ресейлік қарсыластары Николай Колобаев пен Алексей Ковалёвтың ақтық сынға шыға алмауынан, ойын өткізбей-ақ чемпион атанды.

Қыздар арасындағы жекелей сында финалға екі бірдей ресейлік спортшы Ксения Сташенкова мен Екатерина Кунина шығып, алғашқысы жеңімпаз атанды. Жұптасып өнер көрсетуден финалда бұл екеуі қазақстандық жұп Милана Лысова мен Жібек Құланбаеваға тап келді. Бірақ бұл жолы сәттілік қонақтар жағында болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар