Риддер - Алтайдың інжу-маржаны

(Дауыстар: 1)
Риддер - Алтайдың інжу-маржаны

Сәрсенбінің сәтінде Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Риддер қалалық тарихи-өлкетану мұражайының Өскемен жұртшылығына таныстырылымы болып өтті. Оған мәдениет пен өнер саласының өкілдері, оқушылар мен студенттер және геология ардагерлері мен мамандары қатысты.

Шараға қатысушылар ең алдымен мұражайдың фойесіне қойылған «Абай және оның замандастары» деп аталатын сурет көрмесін тамашалады. Ұлы ақынның балалық шағы, бозбала кезі мен кемел шағындағы портреттер, Абайдың әжесі Зере, әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, әйелдері мен балаларының, Михаэлис, Долгополов сияқты орыс достары бейнеленген акварельдік жұмыстар назар аударарлық екен. Бұл жұмыстардың авторы - Риддер қаласының Құрметті азаматы, өлкетанушы, осындағы мұражайдың негізін қалаушылардың бірі, әуесқой суретші, фотограф, ақын Юрий Георгиевич Хабаров соғыс кезінде жер аударылып келген неміс азаматы екен. Аягөз қаласында тұрғанда, Семей педагогика институтында оқып жүргенде-ақ, Абай елін аралап, Абай тақырыбын, оның өскен ортасын, шығармашылығын қызыға зерттепті. Алдағы жылы 85 жасқа толатын ақсақалдың жарты ғасырдан бері үзбей айналысып, Абай тақырыбына салған осы жиырма сурет - Риддер мұражайының үлкен қазынасының бірі.

Негізі 1960 жылы қаланған, қазір бес бағытта жұмыс істеп жатқан Риддер мұражайында полеонтологиялық, зоологиялық, этнографиялық, өлкетану бойынша 30 мыңға жуық түрлі жәдігерлер жинақталған. Мұндағы таныстырылымға риддерліктер көне кітаптар , иконалар, патша заманында осы аймаққа зорлықпен қоныс аударылған ескі дәстүрлі шаруалардың киімдерін, құралдары мен тұрмыстық бұйымдарын ала келіпті. Ол жәдігерлер де келушілердің қызығушылығын туғызды.

Риддер қаласының әр кезеңдердегі даму тарихы туралы бейне материалдар көрсетіліп, геолог В.Ф.Кузнецов «Риддер кен аймағының астроблемдары» тақырыбында дәріс оқыды. Риддер кен қабаттарының ертедегі вулкандар әсерінен ғана емес, ғарыштық денелердің құлауының әсерінен де қалыптасқандығы туралы лектордың тұжырымы геолог-мамандар тарапынан біраз пікірлер туғызды. Сондай-ақ, шара барысында Филипп Риддердің Риддер кенін алғаш қалай ашқандығы туралы мұражай жанында құрылған көлеңке театрының «Батыл Филипп туралы аңыз» атты қойылымы көрсетілді.

Риддер - Алтайдың інжу-маржаны

- Бұл шаралардың барлығы, негізінен өз өңірімізге, оның өткен тарихы мен қазіргі жағдайына халықтың, туристердің қызығушылығын туғызу, өлкеміздің отандық тарихын кеңірек насихаттау мақсатында жасалып жатыр, - дейді өзінің ұжымын облыс орталығындағы осы шараға бастап келген Риддер тарихи-өлкетану мұражайының директоры Гүлнар Саттарқызы Бакибаева, - былтыр дәл осындай мақсатпен Тарбағатай ауданына, одан бұрын Абай ауданына сапарлап қайтқанбыз, міне, енді Өскеменге келіп отырмыз.

Ұжым алдындағы қиындықтар туралы сауалымызға ең бастысы арнайы салынған емес, тұрғын үйдің астыңғы қабатындағы бейімделген ғимаратта орналасқан мұражайдың тарлығын, қолайсыздығын айтты директор.

- Көрме алаңымызға қорда бар бүкіл жәдігерлеріміздің он пайызының ғана сыятындығын айтсам, жағдайымызды көзге елестетуге болар. Бұл мәселені қала билігі де, облыстық басқарма да жақсы біледі, өзіміз де олардың алдарына қойып жүрміз. Әзірше, ешқандай өзгеріс жоқ.

Өз қолдарынан келмейтін осындай үлкен қиындықтар болмаса, мұражай ұжымының іскерлігі, өз жұмыстарына деген ересен ынтасы, өлкетану ісіне деген сүйіспеншіліктері мен құлшыныстары көрініп-ақ тұр. Риддерліктердің «Абай және оның замандастары» деп аталатын суреттер экспозициясын Шығыс Қазақстан өнер мұражайынан осы айдың жиырмасына дейін тамашалауға болады.

Айтмұхамбет Қасымов, журналист,
ШҚ өнер мұражайының қызметкері
Суреттерді түсірген Олжас Уәлиев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар