ШҚО мемлекеттік қызметкерлердің 62% әйелдер құрайды

(Дауыстар: 1)
ШҚО мемлекеттік қызметкерлердің 62% әйелдер құрайды

«Нұр Отан» партиясының «Ана мен баланы қолдау» бағытындағы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша Шығыс Қазақстанда нақты көрсеткіштерге қол жетіп отыр. Соңғы бір жылда Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі мамандар резервіндегі нәзік жандылардың үлесі 53 пайызға жеткен. Ал мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік қызметкерлердің 62 пайызы әйелдер. Сондай-ақ, шешім қабылдау деңгейіндегі лауазымды тұлғалардың 22,8 пайызын, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының 14,3 пайызын әйел азаматтар құрап отыр. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Нұржан Түсіпова мәлімдеді.

- Бұл деректер - 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясының облыста жемісті жүзеге асып жатқанының дәлелі. Жалпы облыста аталмыш стратегияның кедергісіз іске асуына «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалы мен әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия бірлесіп жұмыс атқаруда, - дейді депутат.

Нұржан Құрмантайқызының айтуынша партиялық қадағалау гендерлік саясаттың жүйелі дамуына оң ықпалын тигізіп, нәзік жандылардың белсенділігі мемлекеттік қызметтен өзге салаларда да артқан. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыспен қамтылып, мамандық игеруге, өз кәсібін ашуға көп көңіл бөлінуде. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында әйел кәсіпкерлер 2,2 млрд теңгені құрайтын 31 жоба ұсынған. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына 3990 әйел қатысса, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан 205 адамға 539 млн теңгенің несиесі берілген.

Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия ана мен бала өлімі, отбасылық құндылықтарды нығайту сынды мәселелерге де жіті назар аударып келеді. 2013 жылы бала өлімі 2012 жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға, ана өлімі 33 пайызға азайған. Ал «Отбасы және неке институтын қалыптастыру» жобасының шеңберінде аймақта бес дағдарыс орталығы құрылған.

Жетімдердің жағдайы мен патронаттық тәрбие мәселелері де аталмыш комиссияның күнделікті жұмысымен тығыз байланысты. Облыстағы 2658 ата-анасыз жеткіншектің 134-і патронаттық қамқорлыққа алынды.

Депутаттың айтуынша ана мен баланы қолдау шараларының алыс аудандар мен ауылдарда жақсы нәтиже беруіне кедергі келтіріп отырған мәселелер де бар. Соның ең негізгісі әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиялардың жұмысы жолға қойылмаған. «Нұр Отан» фракциясы алдағы уақытта осы кемшіліктерді жоюға күш салмақшы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар