Жоғары деңгейдегі кадрлық өзгерістер Шығыс Қазақстан облысында орын алды

(Дауыстар: 1)
Жоғары деңгейдегі кадрлық өзгерістер Шығыс Қазақстан облысында орын алды

Шығыс Қазақстан облысын алты жыл басқарған Бердібек Сапарбаев 11-қарашада басқа қызметке ауысты. Мемлекет басшысының Жарлығымен ол ел Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясында еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ШҚО әкімі қызметіне жаңа кандидатураны - Даниал Ахметовті ұсынды. Жиналған депутаттар үміткерге бірауыздан жақтап дауыс берді. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында Шығыс Қазақстан облысының жеткен жетістіктерін жоғары бағалады, мұндай толағай табыстар көп жағдайда аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың осы жылдар ішіндегі күнделікті атқарған ерен еңбегінің арқасында мүмкін болды.

- Біздің алдымызда қазіргі кезде үлкен міндеттер тұр, - деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов. - Мемлекет басшысы өз Жолдауында көліктік-инфрақұрылымдық жаңғырту мәселесіне жіті көңіл бөлді. Бердібек Сапарбаев облыс әкімі қызметінде қыруар шаруа тындырды. Енді ол Премьер-Министрдің орынбасары болып, әлеуметтік мәселелермен айналыспақ. Бердібек Мәшбекұлы үшін бұл тың сала емес, біз Шығыста әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстардың атқарылғанын көріп отырмыз. Сол себепті, Бердібек Сапарбаев өзіне жүктеліп отырған маңызды міндеттерді табысты орындайтынына кәміл сенемін.

Алдағы кезектегі міндеттердің бірі - жолдар мен электрификация проблемаларын шешу. Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Нұрлы жол» атты жаңа бағдарлама әлемдегі экономикалық және саяси жағдайлардан туындап отырған қауіп-қатерлердің алдын алуды көздейді. Кәрім Мәсімов атап өткендей, мәселенің өзі емес, оны шешудің амал-тәсілдерін, тұрақты жағдайды сақтаудың және экономиканың өсу қар-қынын жоғалтпаудың жолдарын іздестіру маңызды. Ел басшылығы Бердібек Сапарбаевтың қарым-қабілеті, біліктілігі Президент тапсырмаларын орындауға жететініне сенімді.

Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі бұл қызметке кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Даниал Ахметов Павлодар облысын екі мәрте басқарды, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды, Үкімет басшысы және Қорғаныс министрі лауазымдарында қызмет атқарды. Соңғы жылдары ол Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болды. Оған энергетикалық саясат, табиғи монополиялар, көлік жәнетасымалдау саясаты мәселе-лерімен, оның ішінде темір жол көлігі қызметтеріне қолжетімділікті реттеумен, айрықша тарифтерді қолдануды келісумен, тарифтерді өзгерту бойынша ұйғарымдарды тоқтату немесе жою туралы шешімдер қабылдаумен шұғылдану тапсырылған-ды.

- Келер жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысына кіріседі. Даниал АхметовТІҢ мол тәжірибесін және Шығыс Қазақстан облысының шекаралық орналасуын ескере отырып, барлық практикалық мәселелер шешіледі деп ойлаймын. Шығыс Қазақстанның жаңа басшысы Бердібек Мәшбекұлы секілді Елбасының барлық мндеттерін бұлжытпай орындауға тырысатын болады, - деп атап өтті Кәрім Мәсімов.

Премьер-Министр аймақтың жаңа басшысын тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметіне табыс тіледі.

Бердібек Сапарбаев өз кезегінде сенім білдіргендері үшін ел басшылығына ризашылығын білдірді. Шығыс Қазақстанның бұрынғы әкімі осымен алтыншы рет Елбасы Жарлығымен жоғары лауазымды қызметке тағайындалып отыр.

- Мен өзімнің әріптестеріме бес жыл тоғыз айдың ішінде бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғысымды айтқым келеді. Егер өзара түсіністік пен қолдау болмаса, біз мұндай жетістіктерге жетпес едік. Жаңа лауазымда мен Мемлекет басшысының сенімін ақтауға және өзіме тапсырылған барлық міндеттерді орындауға бар күшімді саламын. Даниал Ахметов - облыс әкімі қызметін бірнеше рет атқарған тәжірибелі адам, оған жаңа жұмыста сәттілік тілеймін. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары білікті басшыларға әркез қолдау білдіреді, - деді Бердібек Сапарбаев.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы Василий Ахаев пен облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Омаров Бердібек Сапарбаевтың атына алғыстарын жеткізді. Олар Бердібек Мәшбекұлының басты мақсатқа жетуге - барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді көтеруге деген талпынысын ерекше атап өтті. Ол бұл көздегеніне жетті де, өйткені, облыс елімізде көшбасшылық орындарды иелене бастады.

Даниал Ахметов өз сөзінде депутаттар мен басқарма басшыларының назарын Елбасы Жолдауында ел экономикасына және әлемдегі жағдайға жаңа көзқарас көрініс тапқанына аудартты.

- Осы Жолдаудан әрбір қазақстандық өз өмірін дағдарыс уақытына қарамастан ары қарай қалай қалыптастыруды біліп, түсіне алады.

Қазір маған үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Мен алға қойылған мақсаттарға жету үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Бердібек Сапарбаев - ең дарынды басқарушылардың бірі. Ол қиын кезеңдерде зор табыстарға қол жеткізе білді. Әр әкімнің міндеті - жетістікке тоқмейілсіп, тұралап қалмау. Мен де өз алдымда тұрған барлық мақсат-міндеттерді орындауға тырысамын, - деді Даниал Ахметов.

Жиын соңында Кәрім Мәсімов барлық деңгейдегі басшылардың негізгі мақсаты ешбір қиындыққа қарамай азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау екенін тағы бір мәрте ескертті. Бердібек Сапарбаев та, Даниал Ахметов те жаңа қызметтерінде тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін қолдан келер шаралардың бәрін атқаратындарын айтты.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: шқо әкімі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар