Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып сайланды

(Дауыстар: 1)
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып сайланды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Даниал Ахметов сайланды. Облыстық мәслихаттың сессиясында еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ШҚО әкімі қызметіне жаңа кандидатураны ұсынды. Жиналған депутаттар үміткерге бірауыздан жақтап дауыс берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

АХМЕТОВ Даниал Кенжетайұлы 1954 жылдың 15-маусымында Павлодарда дүниеге келген, Павлодар индустриалды институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген (1976).

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Экономика ғылымдарының докторы, диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» (2003).

Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясы-ның академигі (1997 жылдан).

Еңбек өтілі:

«Павлодар тұрғын үй құрылыс» тресі үй құрылыс комбинаты-ның шебері (1976-1981).
Екібастұз қалалық партия комитетінің нұсқаушысы (1981-1983).

«Екібастұз шахта құрылыс» комбинаты партия комитетінің хатшысы, бас инженерінің орынбасары (1983-1987).

Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1987-1991).

«Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы» тресінің басқарушысы (1991-1992).

Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992-1993).

Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы, әкімі (1993-1997).

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (12.1997-10.1999).

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (10.1999-12.2000).

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (21.12.2000-21.11.2001).

Павлодар облысының әкімі (21.11.2001-13.06.2003).

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (13.06.2003-08.01.2007).

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi (10.01.2007-17.06.2009).

Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы (12.2010 жылдан).

Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша министрі (2012 жылдан).

Басқа лауазымдар:

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының пре-зиденті (1999-11.2009).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

ордендері: 2-ші дәрежелі «Барыс» (2004), 3-ші дәрежелі «Барыс» (1999), «Құрмет белгісі» (1986); «Қазақстан Республикасы-ның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012).

Медальдары:
«Астанаға - 10 жыл» мерейтойлық медалі (01.07.2008).
Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған естелік құрмет белгісі (20.02.2008).
Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының құрметті президенті (11.2009).

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: шқо әкімі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар