«Партияның 50 тұлғасы» жобасы жүзеге асырылуда

(Дауыстар: 1)
«Партияның 50 тұлғасы» жобасы жүзеге асырылуда

Партия бүгінде 2050 Стратегиясында жария етілген жаңа ұлы мақсатқа жетуде сенімді қадам жасады.

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» партияның Сайлауалды Тұғырнамасында көрсетілгендей, партиялық үкімет еліміздің барлық азаматтарының өмір сапасының деңгейін көтерумен жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылық пен халықты қорғауды нығайтуға бағытталған әлеуметтік саясатты іске асыру жұмысын жалғастырады деп белгіленген.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның ХХІ ғасырда табысты қадамдар жасауын қамтамасыз ететін саяси көшбасшылықтың басты тетігіне айналып, елдің көңілінен шыға білді. Қазіргі күні «Нұр Отан» партиясы ірі 12 жобамен жұмыс атқаруда. Солардың бірі «Партияның 50 тұлғасы» жобасы.

Ағымдағы жылы өңір бойынша 50 адам аймақтық партиялық жобаның құрамына іріктелген болатын. Бұлар нақты проблемаларды шешу бойынша, бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерде жағдайды жақсарту бойынша бастамалар ұсынған партияның қатардағы мүшелері, өнер, білім және ғылым саласындағы танымал тұлғалар. Аймақтық партияның 50 тұлғасы қатарындағы «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Қартаева Айжан Маратбекқызын атауға болады. Негізгі өзіндік жобасы білім мен ғылым саласына бағытталған.

Жалпы бұл жоба бастамасы еліміздің түрлі аймақтарында іске асырылуда. Жоба мақсаты партияның белсенді, талантты мүшелерін іздестіру және іріктеу және олардың потенциалын тиімді пайдалану болып табылады.

Айжан Маратбекқызы білім беру саласында талай жетсітіктерге жеткен тұлғалардың бірі. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының мемлекеттік грант иегерлері анықталған болатын. Еліміздің барлық облыстарын қамтыған бұл байқауда грантқа ие болған шығысқазақстандық оқытушылар, соның ішінде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» иегері, «Университет мақтанышы» құрмет белгісімен марапатталған Айжан Қартаева да иегер атанған болатын.

Біздің осындай білім беру саласында жетісітіктерге жеткен, «Партияның 50 тұлғасы» қатысушысы Айжан Маратбекқызымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

- Айжан Маратбекқызы, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолындағы алға қойған мақсаттарыңыз, жетістіктеріңіз жайлы айтып өтсеңіз?

Айжан Маратбекқызы: - Ия, бұл саладағы жетісітік бір немесе екі күннің еңбегі емес. Он жасымнан Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқыдым. Ал әдебиетке келуіме ықпал еткен ұстазым, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Халық ағарту ісінің үздігі, Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева апайымыз болатын. Сол кісінің авторлық сыныбында оқып, ғылымға қарай бет бұрдым. Бұл орта менің бойымда адами қасиеттердің қалыптасуына көп әсер етіп, жақсы тәрбие берді. Өңіріміздің ғана емес, бүкіл республикаға танымал - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне жол ашқан да осы орта.

«Партияның 50 тұлғасы» жобасы жүзеге асырылуда

Университет бітіргеннен кейін магистратурада оқыдым, содан осы жоғарғы оқу орнында кызметте қалдым. Оқытушылықпен қатар ғылыми жұмыспен айналысып, үнемі ізденісте болдым. Сондықтан үлкен талап пен ізденістің арқасында осындай құрметке жеттім деп ойлаймын. «Алмақтың да салмағы бар» демекші, маған бұл атақ үлкен жауапкершілік артады. Ғылымды шынайы ғалымдар ғана өркендетеді. Мен өзіме мынадай міндет қойдым. Мақсатым - әлі де зерттелінбей жатқан білім саласына ізденістер жүргізіп, жаңа ғылыми еңбектер жазу, жас шәкірттерімді осындай игі істерге баулу.

- Сіз өз салаңыз бойынша жас ұрпақты білім мен ғылымға баулуда қандай талаптар қоясыз?

Айжан Маратбекқызы: - «Ғылым таппай мақтанба» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, негізгі ұстанымым - білім мен ғылым жолында үнемі іздену, оқу, білу. Қазақ әдебиетіміздің таңбалы тарихындағы небір жауһарлары ертедегі жыраулар толғауларын, ұлт мұратын көрсетер қарымды қаламгерлер туындыларын, ұлы Абай мен Шәкәрім өлеңдерін, тіпті Тәуелсіздік кезеңіндегі ақиық ақындар Мұқағали мен Қадырдың, Тұманбай мен Қасымның өлеңдерін оқымау қазақтығымызға сын.

Педагог ұстаз ретінде ең бірінші, шәкірттеріме кітап оқытам. Қазір ақпарат кеңістігі жан-жақты дамып тұрған заманда жастарды тәрбиелеу құралы арқылы әдебиеттің сан қырына бойлауын мақсат етемін. Студенттерге әдеби көркем шығармаларды көп оқып, білімге, жаңашылдыққа талпыну талаптарын қоюға тырысамын. Бұрын рухани кемелденіп, ілім үйренудің бірден-бір жолы - кітап болса, қазір ғаламторға сүйеніп, керекті дүниелерді бірден тауып алып, әрі қарай ізденудің қажеті болмай жатады. Бұл қазіргі технологияның үлкен жетістігі болғанымен, оған мүлдем арқа сүйеп алу дұрыс емес. Сондықтан жастардың ғаламтормен алданып қалмай, кітапханаға барып, кітап оқудың орны ерекше екенін ұмытпағаны абзал.

- Айжан Маратбекқызы партияның 50 тұлғасы қатысушысы, ғалым ретінде білім мен ғылымды зерттеудегі Абайтану мәселелері бойынша көп еңбектендіңіз, осы жайында айтып өтсеңіз.

Қартаева Айжан: - Әлемдік ойдың данасы, қазақ халқының ұлттық мақтанышы Абайды тану, оны терең түсіну - адамзат баласының бәрінің қолына оңай жете бермейтін, рухани биіктікке алып барар ілім. Абай туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Абай - біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс», - деген. Бұл сөз барлық қазақ баласының көкейінде тұратын қасиетті қағидаға айналуы тиіс.

Мұхтар Ауезов өз сөзінде: «Менің Абайға қосқаным алып мұхитқа косқан шаршымен тең». Расында осындай алып екі мұхитты алып жүру оңайға тимеді. Өйткені, Абай - бір әлем болса, Мұхтар - бір әлем. Әлемнің екі алып тұлғасы. Осы екі алып мұхитқа ену үшін мен көп ізденісте болдым. Абайтану мен Мұхтартанудағы зерттелінбеген тың тақырып Абай мен Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық мәселесін арнайы зерттеп, осы бағытта үш кітабым және жетпіске жуық ғылыми мақалаларым жарық көрді.

Сондай-ақ, әдебиет зерттеушілері мен ғалымдар еңбектеріне арналған «Мекемтас Мырзахметұлы еңбектеріндегі Абай мен Мұхтар әлеміндегі сабақтастық мәселесі» «Мүсілім Базарбаев - әдебиет сыншысы», «Қазақ тарихи романдарындағы М.Әуезов дәстүрі», атты ғылыми мақалаларымда қаламгерлер шығармашылығына талдау жасай отырып, әдебиеттің өткені мен бүгінгісі туралы біраз болжамдар жасадым.

Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді.

«Партияның 50 тұлғасы» жобасы жүзеге асырылуда

- Абайтану тұрғысында қазіргі таңда жоғары оқу орындарында қалай жүзеге асырылуда?

Айжан Маратбекқызы: - Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында бәсекеге қабілетті әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру мақсатында бүгінгі таңда Республикамыздың бірнеше жоғары оқу орындарында «Абайтану» пәнін оқу бағдарламасына енгізіп, оқытуды жүйелі қолға ала бастады. Біздің С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті де екі жыл көлемінде ғылыми-теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан жан-жақты әзірленіп, биылғы жаңа оқу жылынан бастап, университеттегі «Халықаралық қатынастар» және «Тарих» мамандықтарына «Абайтану» пәні енгізілді. Алдағы мақсат - мектептерге енгізіле бастаған бағдарлама бойынша осы пәнді кешенді оқытуға қол жеткізу. Бүгінгі таңда жастар арасында сананы рухани, моральдық тұрғыда аздыратын жат пиғылдарға белең алмас үшін оларды адастырмас жолға апаратын Абайдың пәлсапаға толы ғибратты сөздерін оқытуымыз керек. Рухани құндылығы жоғары, зияткер тұлға болуда мақсат ететін адам Абайға жүгінеді. Біз Абайды Кеңес дәуірінде тар шеңбердің аясында қарастырсақ, қазір үлкен әлемдік аренаға шығып отырмыз. Тәуелсіз Қазақстанды Абай әлемі арқылы насихаттауымыз керек.

«Партияның 50 тұлғасы» қатысушысы Қартаева Айжан іргелі жұмыстар атқарды. өткен жылы қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік семинар, сонымен қатар Ресейдің Барнаул қаласында И.И.Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінде «Білім берудегі коммуникативті технологиялар: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Бұл конференция көрші екі ел арасындағы, екі университет арасындағы ғылыми-әдістемелік, рухани мәдени, достық қарым-қатынасты нығайтуға көп көмегін тигізіп, ғалымдар мен жас зерттеушілерге ғылыми жолдама болды. Ресейдің Барнаул қаласында қазақ тілінде тұңғыш рет өткізілген конференция тарихи мәнімен ерекшеленді.

Жерлесіміз академик Зәки Ахметовтің туғанына 85 жыл толуына орай С.Аманжолов атындағы ШҚМУ өткізген республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция қарсаңында А.Картаева «Білімдіден шыққан сөз...» Академик Зәки Ахметовтің ой-толғамдары» атты кітабын даярлап, алғысөзін жазып баспадан шығарды.

Айжан Маратбекқызы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ШҚО бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тыңдаушыларына арналғанАбайтану курсының бағдарламасын жасады.

Айжан Маратбекқызының абайтану, мұхтартану, әдебиеттану саласындағы ғылыми мақалалары шетелдік басылымдарда жарияланып, жерлес ақын-жазушыларға арналған мақалалары республикалық «Жұлдыз», «Абай» журналдарында жарық көрді, ғалым туралы деректер 2013 жылы Д.Ысқақұлының авторлығымен Алматы қаласынан шыққан «Қазақ әдебиеттанушылары» энциклопедиясына енді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Саясат | Кілт сөдер: Нұр Отан

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар