Ертіс өзені туристік бағытта пайдаланылатын болады

(Дауыстар: 1)
Ертіс өзені туристік бағытта пайдаланылатын болады

Өскемен қаласында Ертіс бассейнінің X кеңесі өтті. Жиынға Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары Нұрлыбек Шерубаев пен Нұржан Әшімбетов қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оныншы рет өтіп отырған отырыста Ертіс бассейні кеңесінің алдағы жоспары қарастырылып, су ресурстары мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды. Мамандар сонымен қатар, су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын талқылады. Жоғарғы Ертіс ГЭС-ін реттеу және гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіздігі төңірегінде де әңгіме өрбіді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев халық үшін Ертіс бассейн кеңесінің маңызы зор екенін атап өтті. Трансшекаралық Ертіс өзенінің суын пайдалану мемлекетаралық деңгейде ұйымдастырылады.

- Біз Қытай мемлекеті Ертіс суын қалай пайдалануды жоспарлап отырғанын білуіміз керек, - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев. - Ертіс Қытайдан бастау алып, Қазақстанды тіліп өтіп, Ресейдегі Обь өзеніне құяды. Үш мемлекеттің аумағында ағатын ерке Ертістің тіршілік үшін пайдасы мол.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының бастығы Рысбек Сүлейменов кеңес құрамына енгізілген өзгертулер туралы айтты.

Павлодар өңірінен делегацияны бастап келген аталмыш облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов екі аймақты Ертіс өзені байланыстырып тұрғанын атап көрсетті.

- Әсіресе, су ресурстарын дамыту бағдарламасы қызықтырып отыр. Осыны бірігіп қалай жүзеге асырамыз? - деп Нұржан Әшімбетов ортаға сауал тастады. Кеңесте Ертіс экологиясының мәселесі ғана емес, су жолын дамыту мен туристік бағытта да жобалар ойластыру керектігі ұсынылды.

Өскеменде су ресурстары комитеті басшысының қатысуымен өткен жиналыста суармалы жердің аумағын ұлғайту керектігі сөз болған. Алдағы жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы қолданылмай жатқан 100 гектардан астам жерді ауылшаруашылық саласында қолдану көзделіп отыр. Суармалы су Ертістен алынатын болғандықтан, осы мәселеге де назар аударылды. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының бастығы Рысбек Сүлейменов Бұқтырма су қоймасының жанында бой көтерген заңсыз нысандардың көптігін айтты. Су ресурстары мамандары 2015 жылға құрылған жоспарларды кеңінен талқылады.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: ертіс

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар