«Нұр Отан» партиясы Аягөз аудандық қоғамдық бірлестігінің конференциясы өтті

(Дауыстар: 1)
«Нұр Отан» партиясы Аягөз аудандық қоғамдық бірлестігінің конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы өмірге келгеннен бергі 15 жылда қатары толығып, қанаты қатайды, саяси құрылым ретінде нығайды. Уақыт ағымында партиялық жұмыстың негізгі қағидалары жетілдіріліп, Егемен еліміздің экономикалық, саяси-әлеуметтік дамуына өзіндік серпін берді. Партияның қазіргі жұмысы жауапкершілік, жариялылық, есептілік және ашықтық қағидаттарына негізделгенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

11 қараша 2014 жылғы партияның Саяси кеңесінде Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты айқындалған Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мемлекет пен қоғамның алдағы кезеңдегі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өтті.

Елбасының Жолдауда анықтап өткен бағыттары - бұл ел бірлігіне, біздің сүйікті Отанымыз - Қазақстан Республикасының әл ауқатының артуы мен гүлденуіне бастайтын нұрлы жол. Партиямыздың төрағасы өз қанаттастарын, нұротандықтарды Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барша азаматтардың теңдігі және олардың Отанымыздың алдындағы жауапкершілігі Қазақстанның ХХІ ғасырдағы қарышты дамуын қамтамасыз етуде, Тәуелсіздігіміздің мызғымас идеялық тұғырына, барша қазақстандықтарды біріктіруші, ешқашан таусылмас қуат көзіне айналған «Mәңгілік Ел» — жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыруда, ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырды.

Барша халықты елдік мақсатқа жұмылдыратын Елбасының «Қазақстан тек қана алға» ұранын толық қолдау, Қазақстанды нығайтудағы ерекше миссия «Нұр Отан» партиясына тиесілі.

Күн тәртібіне сәйкес «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалдың төрағасыаудан әкімі - Нұрғалиев Нұрбол ЖолдаспекұлыҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың 2014 жылғы қарашаның 11 күні «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясы Аягөз аудандық филиалының міндеттері мен мақсаттары туралы айтып, бір шама тапсырмаларды жүктеді.

Убин Алпысбай Рахметжанұлы - «Нұр Отан»партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Саяси Кеңесінің және оның Бюросының 2013-2014 жылдары атқарған жұмыстарының есебі және алда тұрған міндеттер туралы баяндамаларын жасады.

Бұл конференция «Нұр Отан» партиясы Аягөз аудандық қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау және де «Нұр Отан» партиясынан облыстық конференциясына делегаттар сайлау жұмыстарымен аяқталды.

Роза Каирбаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар