«Тұңғыш Президент күні» мерекесінің онкүндігі басталды

(Дауыстар: 1)
«Тұңғыш Президент күні» мерекесінің онкүндігі басталды

Шығыс Қазақстан облысында 21 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған мерекелер шеруінің онкүндігі басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің өркендеуіне қосқан даңғайыр үлесін насихаттауға бағытталған он күндік аясында өңірде 5000 адамның қатысуымен, 478 шара ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

ШҚО Ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, ағымдағы жылы ҚР Тұңғыш Президенті күні Шығыс Қазақстанда жылдағыдай кең ауқымда мерекеленеді.

Осыған орай, 21 қарашада «Н. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тематикалық күні аясында мемлекеттің тәуелсіздігін жариялануы мен елдің егемендігі, Конституцияны, Қазақстанның дамуына бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарды бекітуде Елбасының рөлі туралы барлық мектептерде линейкалар мен сынып сағаттары болып өтті.

24 қараша күні «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» ұранымен Астанаға арналған көрмелер, лекциялар мен сынып сағаттары өтеді. Ал С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Президенттік стипендияны тапсыру шарасы ұйымдастырылмақ.

27 қарашада «Назарбаев - әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер» ұранымен жоғары және арнайы орта оқу орындарында «Әлемдік саяси көшбасшылар Н: Назарбаев туралы» тақырыбында лекциялар, «Ол болашақты болжай біледі», «Назарбаев - теңдессіз тұлға» атауымен конкурстық шығармалар өткізіледі.

30 қарашада «Бір ел - бір тағдыр - бір көшбасшы» ұранымен облыстың Достық үйлерінде этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Желтоқсанның 1 жұлдызында мерекелік іс-шаралардың шарықтау шегі ретінде «Біздің № 1» ұранымен салтанатты жиындар мен көпшіліктің қатысуымен мерекелік концерттер өткізу жоспары белгіленді.

Он күндік аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Н. Назарбаев - сарабдал саясаттың әлемдік үлгісі» ғылыми конференциясы, «Шуақты әлем» балалар мен жастардың аймақтық шығармашылық фестивалі, таэквондо бойынша «Семей кубогі» Халықаралық турнирі өтеді.

Сонымен қатар, облыс көлемінде 7 нысанды, атап айтқанда 90 орынды жеке меншік балабақша, күрделі жөндеу өткізілген «Асыл жібек» балабақшасы, «Сапа» медициналық орталығы, «Багратион» сауда үйі, күшейтілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Өскемен арматура өндіру зауытын пайдалануға беру көзделуде.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиевтың айтуынша, барлық мерекелік іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, қоғамдық бірлікті күшейтуге, ынтымақты нығайтуға, қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар