Ардагерлер Кеңесінің пленумы өткізілді

(Дауыстар: 1)
Ардагерлер Кеңесінің пленумы өткізілді

ШҚО Ардагерлер Кеңесінің V пленумы өтті. Жиынға қатысқан республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев өңірдегі ардагерлер ұйымдарының Жеңістің жетпіс жылдығы мерекесіне дайындық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

ШҚО бойынша бүгінгі күні 642 ҰОС ардагері мен 29 мыңнан астам тыл ардагері бар. Сондай-ақ, аймақта егемендік алғалы бері ҰОС ардагерлеріне арналып 367 ескерткіш тұрғызылған.

Биыл ұрпақ тәрбиесіне қатысты идеологиялық іс-шараларды Семей мен Риддер қалаларының, Зайсан, Тарбағатай, Шемонайха аудандарының ардагерлер кеңесі табысты өткізген. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында аталған кеңес мүшелері алғыс хаттармен марапатталып, әрқайсысына 130 мың теңгеден сыйақы тағайындалады. Бұл туралы облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин мәлімдеді.

Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтың айтуынша, біздің елде өзге елдерден гөрі ардагерлердің жағдайы анағұрлым жақсырақ. «Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай, ТМД кейбір елдері ардагерлерді ұнмен қамтамасыз етуге ғана қауқарлы. Ал біздің елде Елбасы жергілікті басшылықтарға ардагерлердің жағдайына баса назар аударуды тапсырды. Бұл дегеніңіз біздің елдің әлеуетімен бірге ардагерлерді ұлықтауда биік парасаттылығын танытып отыр», - деді Өмірзақ Озғанбаев.

Жиын соңында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов барлық ардагерлерге денсаулық тілей отырып, ұлттар достығын күшейтуде ардагерлерге ат салысуға шақырды. «Елдің әлеуеті, күш-қуаты - бірлігінде, достығында. Сіздермен кездескеніме шын жүректен қуаныштымын. Ел болашағына тұтқа болар ұлықты ұрпақ тәрбиелеу үшін Сіздер халыққа керексіздер. Жеңістің 70 жылдығы облысымыз ғана емес, республика деңгейінде жоғары дәрежеде аталып өтеді», - деп түйіндеді Д. Ахметов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар