Баланы судан аман алып қалды

(Дауыстар: 1)
Баланы судан аман алып қалды

ШҚО Тарбағатай аудандық аурухана жұмысшысы Медет Самарханов үйіне қайтып келе жатып, таяу жерден баланың жан айқайын естиді.

Есік алдында ойнап жүрген бес жасар Данара байқаусызда терең су толтырылған шұңқырға құлап кеткен екен. Жан ұшырып жатқан бүлдіршін енді болмағанда тұншығып, лай суға батып кетер еді. Осыны көрген Медет бірден шұңқырға секіріп, тұншыққан баланы ажалдан арашалап қалады. Сөйтіп, күздің қара суығында батпаққа батып, малмандай су болған баланы дереу ата-анасының қолына тапсырып, қолдан келген шараның барлығын жасапты.

Абырой болғанда, Данараның денсаулығына зиян келмеген екен. Қазір кішкентай қыз даярлық сыныбында оқып жатыр, ал балаларын апаттан арашалаған Медетке Данараның ата-анасы шексіз алғыс айтып, сый-сияпат жасады.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар