Екі буын өкілдері Елбасы Жолдауын талқылады

(Дауыстар: 1)
Екі буын өкілдері Елбасы Жолдауын талқылады

Өскемен қаласында Д.Серікбеав атындағы ШҚМТУ студенттері аға буын өкілдерімен кездесіп, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауын талқылады. «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен, ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында өткен басқосуға Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик, Еврей этномәдени бірлестігінің өкілі, ардагер құрылысшы Владимир Лебедев, Армян этномәдени бірлестігінің өкілі Карен Нариманян, Өскемен қалалық мәслихат депутаты Майраш Екібасова қатысты.

Аға буын өкілдерінен бірінші болып сөз алған Лео Шик Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарапайым металлургтен басталған қызмет жолы қазіргі жастарға болу керектігін айтты.

- Қазақ даласынан кеңес билігі орнағаннан бері талай ұлттың баласы босып келіп, пана тапты. Қазақтың салтында кіріптар болып келген қонақты сыртқа тебу деген болмаған. Сол дәстүр бүгін сарабдал саясатқа негіз болып отыр. Алайда бұл саясат кейбіреулерге ұнамайды. Тұтастығымызды бұзғысы кегендер ең әуелі жастарға ауыз салатыны белгілі. Сондықтан жастар бұл арандатуға өздерінің білімімен, сауаттылығымен тойтарыс беруі тиіс, - дейді қоғам қайраткері. Жиында сөз алған Карен Нариманян мен Владимир Лебедев те Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, өздерінің жас кезінде өңір өндірісіне қалай атсалысқандарын баяндап берді. Ел ағаларының тек ақыл айтып қана қоймай, өздеріне зор сенім білдіргендері үшін жастар атынан Тұңғыш Президент атындағы шәкіртақының иегері Еркебұлан Сағынбаев алғыс айтып, артқан сенімді замандастарымен бірлесіп ақтайтындарына сенім білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар