Асыл тұқымды шаруа қожалықтар саны 1 жылда екі есе көбейген

(Дауыстар: 1)
Асыл тұқымды шаруа қожалықтар саны 1 жылда екі есе көбейген

Асыл тұқымды шаруа қожалықтарының саны 1 жылда 23-тен 42-ге дейін жеткен Абай ауданы асыл тұқымды мал басы жөнінен Республикада аудандар бойынша 7 орыннан көрініп отыр. Бұл туралы тікелей эфир форматында өткен брифингте Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Аудан әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы ауданда ауыл шаруашылық өнімдері былтырғы жылмен салыстырғанда 122 % өсіп, 12 млрд. теңгені құраған. Мал басын өсіру мақсатында «Жайлау» бағдарламасы бойынша 2009 жылы Көкбай, Қасқабұлақ, Саржал ауылдық округтеріне 5 млн. теңгеден, 2012 жылы Арқат, Қарауыл ауылдық округтеріне 2 млн. теңгеден несие берілген. «Осының арқасында ауданда қой мен ешкі 334 164, ірі қара 48871, жылқы 28277 жетіп отыр», - дейді аудан әкімі.

Сондай-ақ, брифинг барысында ауданда игерілмей жатқан қой жүнінің мәселесі де айтылды. Аудандағы жүн өңдеу цехында өткен жылы 400 тонна жүн дайындалған. Ағымдағы жылы сұраныстың жоқтығынан цех жұмысы тоқтап тұр. «Жеке меншік қаржы есебінен ашылған жүн өңдеу цехы үдемелі индустриалды-инновациялық даму картасына енсе де, қой жүні игерілмей жатқаны рас. Көрші Ресей кәсіпкерлері бізден жүнді алғытөлем арқылы сұрайды. Тасымалдаған күннің өзінде 1 вагонға 30 тонна жүн ғана сияды. Десе де, цех жұмысшыларын басқа мекемелерге орналастырдық. Жұмыссыз қалғаны жоқ», - деді Т. Мүсәпірбеков.

Аудан әкімі келесі жылы тойланатын Абайдың 170 жылдығына дайындық жұмыстарын да айтып өтті. Ұлы хакімді ұлықтау мақсатында, 2015 жылы республикалық ақындар айтысы, облыстық ән конкурстары өткізіліп, аудандағы кесенелерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар