Жеке кәсіппен айналысатындарға жағдай жасалады

(Дауыстар: 1)
Жеке кәсіппен айналысатындарға жағдай жасалады

Семей қаласында 3813 шағын кәсіпорын тіркелген, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда олардың саны 103,4 пайызға (3686 бірлікке) өскен, соның ішінде жұмыс істейтіні - 1674, белсенді кәсіпорындар - 1079, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биылғы 10 ай ішінде шағын бизнес кәсіпорындарында 2260 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 122,2 пайызға көп.

«Нұрлы жол - болашақа бастар жол» атты Елбасы Жолдауының жетінші бағытында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі айтылады. 2014 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Семейде тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны 30935 бірлікті құрайды.

Тіркелген кәсіпорындардың негізгі бөлігі тиімді салаларда, яғни, сауда (50,2%), көлік және қоймалау (16,5%), жылжымалы мүлікпен жасалатын операциялар (5,6%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (2,8%), өңдеуші өнеркәсіп (2,7 %), тамақтану (2,5%), құрылыс (1,0%) салаларында қызмет етеді.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, осы жылдың 10 айы ішінде шағын және орта бизнес нысандарынан жергілікті бюджетке 4,8 миллион теңгенің (оның ішінде шағын субъектілерден 3,03 миллион теңге) салық төлемдері түскен, бұл барлық салық төлемдерінің 49,1 пайызын құрайды.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы2020» және «Даму Өндіріс-2» бағдарламалары жүзеге асырылуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 13 миллиард теңгеден асатын 80 жоба іске асырылды, субсидиялау сомасы - 914,4 миллион теңге. Соның ішінде осы жылдан бастап 1354 миллион теңгенің 27 жобасы жүзеге асырылды, субсидиялау сомасы 94,8 миллион теңгені құрады.

Биылғы сәуір айынан бастап өңдеуші өнеркәсіп саласын дамытуға арналған «Даму Өндіріс-2» бағдарламасы іске кірісті. Осы бағдарлама аясында жалпы сомасы 1069,1 миллион теңге болатын 23 жоба жүзеге асырылды.

Елбасы Жолдауында шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу туралы тапсырма берілгенін ескерер болсақ, тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобалар келешекте де қаржымен қамтамасыз етілмек.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Экономика | Кілт сөдер: кәсіпкерлік

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар