Жас ақындар жырдан шашу шашты

(Дауыстар: 1)
Жас ақындар жырдан шашу шашты

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 1-2 курс студенттері арасында «Елбасы - ел тірегі» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті. Жыр бәйгесін ұйымдастыруға университеттің Студенттік Парламент белсенділері мен тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі мұрындық болды.

Аталған жыр додасында 16 студент өз өнерлерін ортаға салды. Жыр мүшәйрасына қазылық еткендер: «Семей халықтық ақындар орталығының» жетекшілері - Дәметкен Омарбаева және Серік Молдабеков, Шәкәрім университетінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің маманы Мақсат Серікұлы, Студенттік Парламент спикері Айдос Төлеуханов, сондай-ақ қалалық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары Арман Шеризатов пен Қуаныш Нұржанов.

Ақындар байқаудың бірінші бөлімінде Елбасыға арнау өлеңдерін, екінші бөлімінде еркін тақырып бағытындағы шығармаларын тарту етті. Орақ тілді, от ауызды ақындардың шабысын бақылаған әділқазылар алқасының шешімі бойынша, бас жүлде филология факультетінің студенті, жас ақын Ахмер Біржанға бұйырса, 1-орынды 1-курс студенті Құрманғажы Ерсін қанжығасына байлады. Жыр додасына қатысқан барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Жас ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жыр додасы Шәкәрім университетінде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға айналды.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: ақындар айтысы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар