Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

(Дауыстар: 2)
Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

Абай елі Абай, Шәкәрім, Мұхтардай үш алыбын мақтан тұтады. Республиканың түпкір-түпкірінен келген қонақтар Абай, Шәкәрім кесенесін аралап қайтады. Бұл дегенің ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауға, ұлтымыздың әдет-ғұрып, салт дәстүрлерін дәріптеуде, жастар арасында елге деген патриоттық сезімді қалыптастыруға, дінаралық, ұлтаралық келісімді нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Абай ауданының тарихы ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғынан басталады. Ауданның алғашқы ірге тасы 1927 жылы қаланып, оған Бұғылы, Шаған, Шыңғыс, Қызыладыр, Мұқыр болыстары біріктіріліп, 1928 жылдың қаңтар айында Заңды күшіне еніп Шыңғыстау ауданы деп аталған.

Қарауылға қанша асықсаңыз да асфальт жолдың қамшылар жағында қалатын Жидебайға соқпай кете алмайсыз.

«Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі 1940 жылы әдеби-мемориалдық музей ретінде құрылды. 1990 жылы Абайдың қорық-музейі қайта құрылған және «Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі болып қайта аталды. Оның құрамына Семейде Абайдың әдеби музейі, Ахмет Ризаның медресесі, Абай аумағында - Бөріліде М.Әуезовтың музейі, «Тақыр» жерінде 1997 жылы ашылған Көкбай Жанатаевтың музейі, 2003 жылы Құндызды ауылында ашылған Шәкір Әбеновтың музейі. Абай ауданында қорықтың аймағының аумағы 6400 га, оның құрамына 16 объекті кіреді. Оның ішінде - Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Құнанбайдың құдығы, Зере мен Ұлжанның зираттары, «Абай-Шәкәрім» мазарлы кешені, мазарлы кешеннің мешіті, Кеңгірбай бидің мазары және т.б зираттар бар. Әр тасы, тауы, өзен-көлі шежіре мен сырға толы. Талай ақын жырлап, небір сазгерлер ән арнаған аймақ. Қалың елің қазақты - деп ақындар бабамызға тағзым етсе, бүгінгі ел тынысына да көпшілік риза. Тәуелсіздік жылдарында Шыңғыстау өңірі, ұлылар елі жаңаша тыныстады. Келбеті де, тіршілігі де, болашаққа деген сенімі де өзгерді. Қарауыл - Абай ауданының орталығы. Қазақ елінің рухани бесігі.

Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

Әсіресе, ауылдың көркіне айналған Қарауыл ауылындағы Аға Сұлтан алаңы. Алысқа көз тастап мен мұндалап тұрған Абай ескерткіші де айрықша көзге түседі. Ауданымызда абаттандыру бағытында атқарылған шаралардың да өз нәтижесін беріп, бүгінде туған жеріміздің адам танымастай өзгеріп, жаңаша келбетке енуі барша тұрғындардың мақтанышы, Қарауыл ауылының бір жетістігі. Аға Сұлтан алаңы аталған орын әр сенбілікте ауыл тұрғындарымен абаттандырыла түсіп, гүлзарлармен безендіріліп, ағаштар егілген. Ауданға келген қонақтар, ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналған алаңда жыл көлемінде әр түрлі мәдени іс-шаралар да дәстүрлі атқарылып келе жатыр. Тұрғындардың демалыс орнына айналған алаңда арнайы дем алатын орындықтар қойылып, жарық шамдары да тартылған.

Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

Аудан орталығындағы бой түзеген ғимараттардың бірі әкімдік ғимараты. Жаңадан төселген асфальт, орталықта отырғызылған ағаш. бұталар, көше бойы орнатылған жарық шамдар қазіргі аудан тынысынан хабардар етіп тұр. Әлеуметтік маңызды ғимараттар, мектеп, денсаулық сақтау мекемелері, спорт кешендері, мәдени ошақтары т.б. мекеме ғимараттары да аудан тұрғындарына қызмет етуде.

Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауданда жаңа спорт кешенінің салынуы ауыл спортын дамытуда зор септігін тигізді. Меценаты жомарт, мақтанышы көп ауылдың бір жаңа ғимараттарының бірі осынау спорт кешені. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ел ағаларының бірі, меценат М.Құтжановтың игі бастамаларының арқасында Қарауыл ауылында «Шыңғыстау» спорт кешені пайдалануға берілді. Қазақша күрес, тоғызқұмалақ, бокс, күрес сынды спорт түрлерінен басқа мұнда бодибилдингпен де айналысуға болады. Кешенге барлық жастағы адамдар келіп, сүйікті спорт түрімен айналыса алады. Заманауи үлгіде салынған екі қабатты сәулетті ғимарат алыстан көз тартып, Қарауыл ауылына айрықша көрік беріп тұрғанын ешкім жоққа шығара алмас. Ғимараттың ішкі жағы да әдемі безендірілген.

Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

Абай елі жастары қашанда шығармашыл, тума талантты өрендер. Мәдениет пен өнердің ошағы саналатын ортадан талай таланттарды түлетіп, ширатып шығарар аудан орталығындағы Жастар үйінің бүгінгі таңда орны ерекше. «Абай ауданы Жастар орталығы» КМҚК құрылғанына көп уақыт болмасада орталықтың бүгінгі күні атқарған қоғамдық істері қомақты. Ауданымызда жастардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастырылып тың бастамалардың қатары көбеюде. Бұл да бір аудан орталығындағы орналасқан осынау Жастар орталығы ұжымының еңбегі.

Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

Аудан орталығында орналасқан бүлдіршіндердің сүйікті орнына айналған, балдай тәтті балалақытың қызықты шағын өткізетін орында Қарауылдан табылады. Бұл да бір ауыл баласының қиялындағы арман тілегінің орындалған белгісіндей ойын алаңы. Жас сәбилердің ермегіне айналған ойын алаңы қаншама қуаныштар сыйлауда. Бүгінгі бүлдіршіндер -елдің ертеңгі тұтқасы, ұлт болашағы. Ауыл балалары үшін бұл да бір жасалған игілік.

Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

Құнанбай қажы мешіті Абай ауданы Қарауыл ауылында арнайы жобамен 160 кісілік етіп салынған. Ғимараттың ауданы 150 шаршы метр. 1994 жылы Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді. Ғимарат жергілікті халық күшімен тұрғызылды. Биіктігі 3 метр, 80 см. Күмбезі 3 метр, бір мұнаралы оның биіктігі 15 метр. Қабырғасы силикат кірпішпен өрнектеліп қаланған. Шатыры шифер. Еденіне толықтай кілем төселген. Ішінде имам бөлмесі, киім ілетін орын, дәріс бөлмесі орналасқан.

Ұлылар мекені - Абай елі (фоторепортаж)

Абай ауданында жылдан жылға көріктендіру жұмыстары атқарылуда, бұған дәлел Саржал ауылындағы салынып жатқан 300 орынды мектеп құрылысы. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында осындай ұлылар мекенінде орналасқан қазақ ауылдарының өмір сапасын жақсарту мақсатында жанадан құрылыс нысандары мектеп, бала- бақша,білім беру, денсаулық сақтау мекемелерін салу, ауылда туып өскен ел азаматтарының міндеті болып табылады. Осы өңірді тамашалай отырып халқымыздың салт-дәстүрінің, мәдениеті мен тарихының кіндігі болып табылатын ауыл екенін ұмытпағанымыз абзал.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар