Ақпараттық топ Жолдаудың міндеттерін түсіндіру жұмысын жүргізді

(Дауыстар: 1)
Ақпараттық топ Жолдаудың міндеттерін түсіндіру жұмысын жүргізді

2014 жылғы 11 қарашадағы еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» дәстүрлі Жолдауы шыққан күннен бастап, оның басты міндеттерін насихаттау және Жолдаумен аудан халқын таныстыру мақсатында ақпараттық-насихат тобы жұмысын бастады.

ШҚО Глубокое кентінде 5 желтоқсан күні, аудан активі алдында Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының басшысы Л. Кенжетаеваның бастауымен, ақпараттық топ Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер қатысты.

Л.Кенжетаева өз сөзінде «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат, біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. Жолдар - Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де тіршілік пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, басқа да экономикалық өндіріс саласында мультипликативті әсер береді. Жолдау 7 әлеуметтік-саяси бағыттан тұрады».

Л. Кенжетаева жолдау бойынша ШҚО Глубокое ауданында іске асырылатын шараларды атап өтті.

Перкур М.Я - Балалар Шығырмашылығы Үйінің директоры Жолдаудың негізгі мақсаты мен бағыттарын ашып айтты.

Жаңа экономикалық бағыт мемлекеттік органдар мен қоғамның қолдауы арқасында сөзсіз жемісті болады.

2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осы атаулы күндерді атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін!

Глубокое ауданы әкімнің баспасөз-хатшысы Болысова А. айтуынша, кездесу барысында тұрғындар әртүрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық мәндегі сұрақтар қойды.

Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық топ сауалдарға жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылықтарын білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар