«Ұлтты сыйласаң, оның тілін де сыйла!» атты аудандық байқау өтті

(Дауыстар: 1)
«Ұлтты сыйласаң, оның тілін де сыйла!» атты аудандық байқау өтті

«Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығы» КМҚК «14 желтоқсан - мемлекеттік тіл күні» мерекесіне орай ағымдағы жылғы желтоқсан айының 10 күні балалар музыка мектебінде «Ұлтты сыйласаң, оның тілін де сыйла!» атты аудандық байқау өткізді.

Байқауда Глубокое ауданы әкімі жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы В.Н Цой, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а С. Ә Қанағатов, Ы.Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Г. А Бардосова төрелік етіп, қатысушыларға әділ бағаларын берді. Аудандық байқау 6 кезеңнен құралды:

І кезең. «Бізді таны»
ІІ кезең «Жұлдызды сәт»
ІІІ кезең. « Бәйге»
ІV кезең. «Сөз қаруы - ой»
V кезең . «Ұтқыр ой, шексіз қиял»
VІ кезең. «Сиқырлы сандықша»

Аталған байқауға бөлімдерден 6 адам қатысып, өздерінің өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Оның ішінен алға суырылып шыққан - Ы.Алтынсарин орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі - Шерудило Елена бас жүлдені жеңіп алды. Ал 2-ші орынды спорт бөлімінің есепшісі - Токмина Елена және №23 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері - Завгородний Роман, 3-ші Кенттік әкімдіктің бас маманы - Дударев Сергей иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.Идырышева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Мәдениет | Кілт сөдер: қазақ тілі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар