Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тәуелсіздік күнін тойлауда

(Дауыстар: 1)
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тәуелсіздік күнін тойлауда

Егемен еліміз үшін Тәуелсіздік күнінен асқан үлкен мереке жоқ. Бүгінде Қазақстанның барлық аймақтарында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, еліміздің ең басты мерекесі кеңінен тойлануда. Осынау игі істен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті де қалыс қалмады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тәуелсіздік күнін тойлауда

12 желтоқсан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бөлімінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел - тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты кеш өткізілді. Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға университеттің аграрлық және жаратылыс ғылымдар факультеттері белсене ат салысты. Салтанатты жиынның шымылдығын ашқан университет ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады. Сөз соңында университет ректоры ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Байғазанов Әбдірахман Нұрмұхамбетұлын ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-инновациялық зерттеулерді дамытқаны үшін «Инновация көшбасшысы» аталымымен, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Искакова Гүлнар Қожағұлқызын және жоғары оқу орнына дейінгі даярлық орталығының директоры Есенжелов Ерғали Қабдоллаұлын Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығының директоры Дүйсембаев Серғазы Тұрлыбекұлы мен биология кафедрасының доценті Кәріпбаева Нұрзия Шайкенқызын «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, агротехнология және орман ресурстары кафедрасының меңгерушісі Есенғұлова Нұрлыгүл Жансапқызын Облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар студенттік инновациялық жобалар сайысының жеңімпаздары, университеттің ғылыми жұмыстарына белсене қатысқан студенттер мен ғылыми және оқу қызметіндегі жетістіктері үшін Ғылыми кеңес шәкіртақысының иегерлеріне де дипломдар табыс етілді.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тәуелсіздік күнін тойлауда

Салтанатты жиынның ресми бөлімі университет студенттерінің қатысуымен тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Концерт шымылдығын түрген Түркештің «Көңіл ашары» кештің шырайын келтіріп, университет өнерпаздары мереке қуанышын бөлісуге жиналғандарды әуелеген әсем ән мен күмбірлеген тәтті күйге тәнті етті. Сондай-ақ бұл кешке жиналған көрермен «Мәңгілік ел» атты флешмобты тамашалап, мың бұрала билеген қыздар айналаны шаттыққа бөледі.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тәуелсіздік күнін тойлауда

Кештің соңғы нүктесін «Қазақстан» әнімен қойған университет хоры көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Осылайша, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті атаулы күнді ерекше көңіл күймен атап өтті.

Нұрсұлу Саветқызы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар