Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды

(Дауыстар: 1)
Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды

ШҚО Аягөз ауданы «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» мәдениет сарайында 11 қарашада жолданған Елбасы жолдауын насихаттау мақсатында республикалық ақпараттық-насихат тобы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов пен ҚР ЭМ экологиялық мониторинг және ақпараттар департаментінің директоры С.Ташкенбаева бастаған топ аудан тұрғындарымен кездесті.

Н.Сабильянов Елбасының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялағандығы, бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалатындығы, Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылатындығы жайлы ақпарат беріп, Жолдаудың жеті тармағына жекелей тоқталды. Көлік, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік-тұрғын үй инфрақұрылымдарын дамыту бойынша кешенді межеленген жұмыс жайлы айтты.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылу мен сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту да назардан тыс қалмайтындығы жайлы Сәуле Қанатқызыда өз сөзінде атап өтті.

Кездесуде көтерілген негізгі өзекті сұрақтар: ауданымыздың ауылмен қала арасындағы тас жолдардың жөнделуі жайлы, ауыз су мәселесі, зейнетақы мен төлемақы туралы болды.

Бұл жиын ашық және қызығушылық әңгімеге мүмкіндік берді. Тұрғындар тарапынан маңызды сұрақтар қойылып, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Сабильяновтың мардымды жауаптарымен аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар