8 жасар бала iні-қарындастарын ажалдан арашалап қалды

(Дауыстар: 1)
  • 19 желтоқсан 2014, 16:06 |
  • Пікірлер: 1
8 жасар бала iні-қарындастарын ажалдан арашалап қалды

ШҚО Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының тұрғыны, сегіз жасар Шыңғыс Естай нағыз ерліктің үлгісін көрсетті. Ол өзінің іні-қарындастарын өрт құшағынан аман алып қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқиға балалардың ата-анасы дүкенге шығып кеткен кезде орын алыпты. Үйде Шыңғыстан бөлек, оның жеті және үш жастағы інілері, сондай-ақ, бес жасар қарындасы қалған болатын. Дәл осы сәтте электр желілерінің қысқа тұйықталуы салдарынан үй бөлмелерінің бірінде өрт шықты. Тілсіз жалынды алдымен байқаған Шыңғыс еш саспастан бауырларын жетелеп, терезені сындырып, олардың кезек-кезек далаға шығуына көмектеседі. Одан соң сол терезе арқылы тұтас жалынға оранған үйге еніп, тұрғын үйдің құжаттарын алып шығуға кіріскен. Бір таңғаларлығы, ол бұл әрекеттің барлығын да қар мен оттың арасында жалаңаяқ жүріп істепті.

Жанталасқан Шыңғыс бауырларын үй іргесіндегі моншаға жеткізіп үлгергенде, оқиға орнына ауылдың өрт сөндірушілері де келіп жеткен-ді. Тілсіз жау бұл үйге үлкен шығын келтіргендіктен, қазір отбасы мүшелері жергілікті әкімдік бөлген басқа мекенде тұрып жатыр. Аудан басшылығы жас батырдың отбасына қолдан келгенше қолдау білдіруде.

Ал өрт кезінде аяғы жарақаттанған Шыңғысқа медициналық көмек көрсетіліпті. Құтқарушылар болса, іні-қарындастары үшін отқа түсуден тайынбаған жас батырды лайықты марапатқа ұсыну жағын қарастыруда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

ұмытылған жоқ па | 29 наурыз 2015 19:04
Шыңғыс медаль алды ма, алмаса - неге? Алса - қандай медаль?
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар