Семейлік бишілер биіктен көрінді

(Дауыстар: 1)
Семейлік бишілер биіктен көрінді

Семей қаласындағы арнайы мамандандырылған балет мектебінің бишілері Мәскеуде өткен «Өнер планетасы-этнотайм» байқауынан Гран-примен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш оқу орнының директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Камилия Исмаилованың айтуынша, олар мұндай сайысқа шақыртуды бірінші рет алған.

- Балет - үздіксіз жаттығуды, темірдей төзімді, белгілі бір жетістікке жету үшін уақытты қажет ететін өнер, - дейді Камилия Исмаилова. - Балет - бекзат өнер. ХVІІІ ға сырда өмірге келген классикалық осынау би де сәулет өнері мен кескіндеме өнерінің үлес салмағы басым. Балет қойылымдары кезінде билет алу оңай шаруа емес. Залымыз лық толады. Қазір аймақтарда қазақ би өнері қарқынды дамып келеді. Сондықтан да біз шәкірттерімізді классикалық бимен қатар ұлттық би өнеріне де тәрбиелеудеміз.

Осында еңбек етуші Зарина Жүнісбекова тәжірибелі биші ретінде балаларды ұзақ жылдардан бері тәрбиелеп келеді. Виолета Костенко, Камила Домагова, Диляра Мұхамадиева, Александра Ли-зун-сян Мәскеуде классикалық хореография биі бойынша Гран-приге қол жеткізсе, ұлттық би өнері аталымында бірінші орынға ие болған. Айта кету керек, «Өнер планетасы-этнотайм» байқауы «Қалалар өмірі» фестивалі аясында Мәскеуде жыл сайын өтеді екен. Мақсаты - ұлттар арасындағы достықты өнер арқылы насихаттау. Қазақстандық, яғни, Семей балет мектебі биыл бірінші рет бас бәйге алып отыр. Бұған дейінгі жылдары аталмыш өнер додасында Швейцария, Франция, Италия, Болгария, Балтық жағалауы елдерінің өкілдері бас бәйге алып отырған.

Ал Астана қаласындағы Оқушылар сарайында өткен «Fiestalonia Қазақстан» халықаралық байқауын Астана қаласының әкімдігі, еліміздегі Испания Корольдігінің елшілігі және Еуропадағы Fiestalonia Мilenio деп аталатын арнайы комитет ұйымдастырыпты. Халықаралық бәйгеде «Аққу» биін билеген Ақбаян Серікқазинова «Ұлттық би» аталымында Гран-приді жеңіп алған.

- Өнер жолы - ауыр жол, - дейді Ақбаян. - Менің арманым - балет бишісі болу. Қазір сүйікті ісіммен айналысып, халық алдында жүрмін. Мен үшін өнердің шыңы - халықтың ыстық ықыласы. Бишіге деген халқымның құрметі мен қошеметі. Көрерменнің сүйіспеншілігін әрдайым жоғары бағалаймын.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар