Елбасы Жолдауын түсіндіру - жауапты іс

(Дауыстар: 1)
Елбасы Жолдауын түсіндіру - жауапты іс

Халық арасында талқыланып, кеңінен қолдау тауып жатқан ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын тереңірек түсіндіріп, туындайтын сұрақтар мен өтініштерді шешу мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық «Нұр Отан» партиясының сайлауалды Тұғыранаманы жүзеге асыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Самарханова Сауле Тұрғанқызы Күршім ауданының Теректібұлақ, Қойтас, Барақ батыр ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.

Ел дамуын бағдарлаған Жолдаудағы транспорттық - логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуда Шығыс Қазақстан облысы бойынша салыну жоспарланған Алматы - Өскемен, Астана - Өскемен бағыттарындағы тас жолдар, Шар - Майқапшағай темір жолы, Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпір, сондай-ақ әуе қатынасын дамытудағы маңызды объект Өскемен, Семей, Зырян қалаларындағы жаңа келбетке ие болатын әуежайлар мен Үлкен Нарын ауылында бой көтеретін әуежай жайлы айтып, аймақта 600-дей адамға жаңа жұмыс орындары ашылу мүмкіндігінен хабардар етті. «Жол мұраты - жету» демекші жолаушының межелеген жеріне тез жетуіне жағдай жасау, жаңа кәсіпорындар бой көтеріп халық тұрмысын жақсартуға мүмкіндіктер беру - жетекші партияның басты мақсаты екендігін дәлелдермен нақтылады.

Сауле Тұрғанқызы облыс көлемінде агро-бизнесті дамытуға 100 млрд теңге бөлінуін, бүгінгі күні білім беру сапасын арттыру мақсатында 40 мектеп, 29 бала бақша, 8 денсаулық сақтау, 3 әлеуметтік - әкімшілік мекемелерінің ашылып, халыққа қызмет көрсетіп жатқанын айтты.

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды Тұғырнамасындағы маңызды мәселе - тұрғын үймен қамту бойынша 5 жылға межеленген 24 млн шаршы метр тұрғын үйдің бүгінгі күні 16 млн шаршы метрі пайдалануға берілді. Кезекте тұрған адамдар санын азайтуға арендалық тұрғын үйлердің көптеп салына бастағанын тыңдарман қауым үшін жағымды жаңалық болды.

Халықтың электр энергиясына деген сұранысын қамтамасыз етуде Екібастұз - Семей - Өскемен, Семей - Ақтоғай - Алматы бағыттарындағы жоғарғы кернеулі электр желілерін тарту, Ұлан ауданындағы Тайнты жел электр станциясы мен Тұрғысын су электр станцияларын салу өнеркәсібі дамыған біздің облыс үшін маңызды іс болмақ.

«Нұр Отан» партиясының 2011 жылы қабылданған сайлауалды Тұғырнамасы мен XV съезд шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге барлық мүмкіндіктер пайдаланылуда. Еліміздегі ең үлкен құндылық - адамға барлық жақсылық жасау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Бақытты отбасы», «Мықты бизнес», «Сәтті қадам» т.б. жобалардың жүзеге асып жатқаны нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар нанымды жеткізілді және осы жобалар бойынша белсенді істерге шақырды.

Республика бойынша 1 миллионға жуық мүшесі бар, халық пен билік арасындағы алтын көпір бола отырып, ел дамуын жаңа кезеңге көтеруді көздейтін «Нұр Отан» партиясының атынан Сәуле Тұрғанқызы кездесуге келген жұртшылыққа жақсылық, табысты еңбек пен отбасылық бақыт тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар