Астана EXPO-2017 көрмесіне Шығыс Қазақстаннан 200 мың тұрғын турист ретінде барады

(Дауыстар: 1)
Астана EXPO-2017 көрмесіне Шығыс Қазақстаннан 200 мың тұрғын турист ретінде барады

«Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысы аясында Шығыс Қазақстандағы туризмнің рөлі туралы конференция өтті. «Астана EXPO-2017» ҰКАҚ атқарушы директоры Салтанат Рахымбекова мен облыстық туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ержан Сембиновтың қатысуымен өткен конференцияда ЭКСПО көрмесінің тарихы мен болашағы туралы сөз қозғалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семинарға қатысушылар ең алдымен слайд арқылы ЭКСПО-ның тарихымен танысты. Алғашқы ЭКСПО көрмесі 1851 жылы Альберт ханзаданың бастамасымен Лондонда өткен болатын. Мұндағы көрмеге көрік берген темір мен шыныдан салынған Хрусталь сарайы еді. Сонымен қатар, Париждегі Эйфель мұнарасы, Мельбурндегі, Брюссельдегі, Шанхайдағы ғимараттар ЭКСПО көрмесіне орай бой көтерген екен. 160 жылға жуық тарихы бар ЭКСПО көрмесіне телефон, теледидар, кетчуп, балмұздақ сынды дүниелер қойылып, кейбіреуі брендтік тауар ретінде дүниежүзіне танылды.

Ал Астанада өтетін «EXPO-2017» көрмесіне орай биіктігі 100 метр болатын сәулетті шар бой көтереді. Энергия жағынан тиімді, эстетикаға сай етіп жасалған шар аталмыш көрменің символына айналмақ. «Астана EXPO-2017» ҰКАҚ атқарушы директоры Салтанат Рахымбекованың айтуынша, 173 гектар жерді алып жатқан көрменің құрылысына 500 млн. доллар инвестиция құйылыпты. Жалпы, ЭКСПО-ға арналған ғимараттардың барлығы инвесторлардың көмегімен салы нып жатқан көрінеді. 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінің маңыздылығы тиімді энергия көздерін тауып, болашақта пайдалану болып табылады. Және де дүниежүзінен көрмеге жиналғандар біздің жерімізбен, елімізбен, әдет-ғұрпымызбен етене танысады. Ең бастысы, туризмнің дамуына жол ашылады.

- «EXPO-2017» көрмесін өткізу үшін облыстардан еріктілерді жинаймыз. Олар көрменің өтуіне бастан-аяқ қатысып, өз көмектерін көрсетуі тиіс, - деді Салтанат Рахымбекова.

Соған орай біздің облыстан 100 ерікті тест тапсырып, тестен өткендері бір жыл арнайы курста білімдерін шыңдайды. Айта кетерлігі, 18-60 жас аралығындағы адамдардың волонтер ретінде қызмет көрсетуге мүмкіндіктері бар. Осы тұста облыстық туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ержан Сембинов та өз ұсынысын ортаға салды.

- Шығыста талапты да білімді жастар көп. Сондықтан да көрмеде біздің облыстан 100 емес, одан да көп еріктілер қызмет көрсетсе, дұрыс болады, - деді Е. Сембинов.

2017 жылы 17 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «EXPO-2017» көрмесіне Шығыс Қазақстаннан 200 мың тұрғын турист ретінде барады. Ал осы уақыт ішінде шетелден келген туристер Астананы ғана емес, Қазақстанды аралап көрулеріне мүмкіндік туады. Оған дейін көлік мәселесі мен әуе билеттерінің бағасы да қайта қаралады екен.

«Шағын ЭКСПО» көрмесі шығысқазақстандықтардың бастамасымен өткендіктен, облысымызға көп үміт артылып отыр. Қазіргі таңда «жасыл экономика» бағытында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғалымдары Дарья Алонцева, Сергей Плотников, Александр Воробьев, Александр Бакланов өздерінің жаңа жобаларын ұсынды.

«Астана EXPO-2017» ҰКАҚ атқарушы директоры Салтанат Рахымбекова техникалық дүниелерден бөлек, жер-жердегі шеберлердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы кәдесыйлардың көрмесі мен фотокөрме ұйымдастыруды да ұсынды.

- Шығармашылық жолда жүрген әр адам ЭКСПО-ға үлес қосуы керек. Мысалы, үздік экотакси, үздік экоофис сынды идеялар жүзеге асса, ертең Шығыс Қазақстанға пайда әкелер еді, - дейді Салтанат Рахымбекова.

Дүниежүзі күтіп отырған үлкен шарада Алтайдың балы, қымызы сынды экологиялық таза өнімдері сұранысқа ие болады.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Қазақстан

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар