Жекешелендіруге жататын заңды тұлғалардың тізбесі анықталды

(Дауыстар: 1)
Жекешелендіруге жататын заңды тұлғалардың тізбесі анықталды

Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары Үкіметтің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысымен бекітілді, жекешелендіруге жататын заңды тұлғалардың тізбесі анықталды.

Үкіметтің осы қаулысын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 158 қаулысы қабылданып, соған сәйкес 2014-2016 жылдары жекешелендіруге жататын ШҚО коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі бекітілді, облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша өлшемдер анықталды.

Жекешелендірудің кешенді жоспарымен білім, тілдерді дамыту, денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт, автомобиль жолдары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қызмет көрсету салаларына жататын облыс бойынша 60 заңды тұлға бәсекелестік ортаға беруге қарастырылды, оның ішінде: облыстық коммуналдық меншікке жататын 13 кәсіпорын; облыстың аудандарындағы (қалаларындағы) 39 кәсіпорын; «Ертіс» ӘКК» ҰК АҚ-ның 8 еншілес ұйымы.

Сондай-ақ, 2013 жылғы 10 қазандағы квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік нысандарын оңтайландыру мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес 2014 жылы облыс бойынша 9 коммуналдық заңды тұлға сатуға жатады.

Қазіргі жағдай бойынша бүгінгі таңда жекешелендірудің екінші толқынын орындауда келесі нәтижелер қалыптасады:

Үкіметтің «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысымен бекітілген жекешелендірудің 20142016 жылдарына арналған кешенді жоспарын орындау бойынша 2014 жылы коммуналдық меншікке жататын 2 заңды тұлға жекешелендіруге жатады. «Нарын сервис» ЖШС бағалау өткізілуде, соңынан сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер 2014 жылдың 29 желтоқсанына жарияланды. «Өскемен-Тазалық» ЖШС - Өскемен қаласының әкімдігі қазіргі уақытта объектіні жекешелендіруге дайын дау бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр, ағымдағы жылдың аяғына дейін сауда-саттыққа қойылатын болады. Сонымен бірге, 2014 жылы «Ертіс» ӘКК» ҰК АҚ-ның 4 ведомствоға қарасты ұйымы саудаға жатады; «Абай» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС - орындалды; «Үржар» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС - орындалды; «Горархитектура» ЖШС - орындалды; «Облдоркомхоз» ЖШС - сауда-саттық 2014 жылдың 30 желтоқсанына жарияланды.

2013 жылғы 10 қазандағы квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімін орындау бойынша 2014 жылы облыс бойынша 9 квазимемлекеттік сектор субъектісі саудаға жатады, оның ішінде: 7 аукциондық сауда-саттықта сатылған («Табиғат Өскемен» ЖШС, «ШҚ геотехникалық-инженерлiк iздестiру институты» ЖШС, «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС, «Өскемен қаласының кадастрлық бюросы» ЖШС, «Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны» ЖШС, «Ритуал-Сервис» ЖШС, «Градокадастр» ЖШС, Аягөз ауданындағы «Ақтоғай Қанағат» ЖШС - желтоқсан айында саудасаттық болған жоқ, кезекті сауда 2015 жылдың қаңтар айына жарияланатын болады; Зайсан ауданындағы «Зайсан-Тазалық» ЖШС - коммерциялық тендер 2014 жылдың 26 желтоқсанына жарияланды.

Барлық сауда-саттық www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік және жекешелендіру тізілімінің веб-порталында электронды форматта өткізіледі.

Жекешелендіру объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу бойынша облыстың келісімінсіз, Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнің ұсынысы бойынша облыстар бойынша объектілердің көбі жекешелендірудің кешенді жоспарына кіргізілгенін атап өту керек.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 16 қазанында болған квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның мәжілісінде мынандай шешім қабылданды: Үкіметтің №280 қаулысымен бекітілген тізбеден мәдениет объектілерін шығарып тастау жайында облыс бойынша төрт заңды тұлға шығарып тастауға жатады: «Семей қаласындағы орталық мәдениет саябағы» КМҚК, Глубокое, Зырян және Күршім аудандарындағы мәденидемалу орталықтары; салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, денешынықтыру және спорттық ұйымдары (спорт сарайлары, стадиондар, спорттық клубтар) тізбеден шығарылмайды; мемлекеттік тілді дамыту бойынша орталықтарды тізбеден шығарып тастау туралы облыстардың ұсыныстарына байланысты Мәдениет және спорт министрлігіне аталған сала бойынша бәсекелестік ортаның болуы бөліміндегі мәселені қосымша қарастыру тапсырмасы жүктелген.

Жиенхан Әбенов,
ШҚО қаржы басқармасы
басшысының орынбасары
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар