Евгений Выблов - «Х-фактор» жобасының жеңімпазы

(Дауыстар: 1)
Евгений Выблов - «Х-фактор» жобасының жеңімпазы

Таяуда ғана Алматы қаласында аяқталған «Х-фактор» жобасы бесінші маусымының жеңімпазы болып өскемендік Евгений Выблов танылды. Кеше Өскемен қаласының әуежайында Женяны неше ай бойы тақымын қысып, жанкүйерлік еткен жерлестері құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жобаның бесінші маусымында Евгениймен қатар финалға «Z» тобы мен тағы бір жерлесіміз, зыряндық Оксана Устина өткен еді. Дегенмен, Оксана алдыңғы бағдарламада жобамен қош айтысып, гранд-финалда «Z» тобы мен Евгений Выблов қана қалғанды. Жеңімпаз әдеттегідей дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды. Және осы дауыс беру нәтижесінде Евгений Выблов айқын басымдықпен жеңіске жетіп, бес миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, жерлесіміз «Еуразия» арнасымен бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі келісімшартқа отырғанын да айта кеткен абзал.

Гранд-финалда қатысушылар үш ән орындады. Оның бірі жобаның ең алғашқы іріктеу кезеңінде орындалған композиция, ал екіншісі қазіргі эстрада әні болды.

Үшінші әндерін үміткерлер сахна жұлдыздарымен дуэтте орындады. Бұл бөлімде Евгений Выблов әнші Лидомен бірлесіп өнер көрсетті.

Алматыдан туған жеріне жеңіспен оралған Женя ұшақтан түсе сала қалың жанкүйердің зор қошеметіне ие болды. Қала жұртшылығы жерлестерін қазақы қонақжайлықпен шашу шашып, ерекше ықыласпен қарсы алды.

- Мені осыншама көп адам келіп, қарсы алады, құттықтайды деп ойламап едім. Барлықтарыңызға шын жүректен рақмет айтамын. Сіздердің маған білдірген қолдауларыңыз, маған берген дауыстарыңыз мені жеңімпаз атандырды. Сондықтан бұл - менің жеңісім емес, бүкіл Шығыс Қазақстан тұрғындарының жеңісі деп білемін. Сол сияқты мені әрқашан қолдап-қолпаштап жүретін туған анамдай болып кеткен Өскемендегі «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Бейсеқановаға айтар алғысым шексіз, - деген Евгений жоба жеңімпазына берілетін бес миллион теңгенің бір бөлігін күрделі отаны қажет ететін балаға көмектесуге жұмсайтынын айтты.

Женяның айтуынша, енді ол жеке репертуарын жаңа әндермен толықтыру бағытына ерекше көңіл бөлмек. Сондай-ақ, бірнеше бейнеклип түсіруге ниетті екенін де жасырмады.

Осы жерде Евгений туралы азкем айта кеткеніміз артықтық етпес. Женя - Өскемен қаласының тумасы, облыс орталығындағы «Үміт» балалар үйінде тәрбие алған. Мектептен кейін жоғары оқу орнына түсіп, музыкалық факультетте оқыған. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, өзі шыққан балалар үйіне тәрбиеші болып қызметке орналасқан.

Өз кезегінде «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Бейсеқанова Женяға қолдау көрсеткен шығысқазақстандықтарға ризашылығын айта келе, бұл оның жарқын жеңістерінің бастауы болатынына сенім білдірді.

Тағы бір атап өтер жайт, жоба барысында Евгенийге Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиева жетекшілік етті.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар