Мал өлексесін көметін арнайы санитарлық орын ашылды

(Дауыстар: 1)
Мал өлексесін көметін арнайы санитарлық орын ашылды

Өскемен қаласының маңында мал өлексесін көметін арнайы санитарлық орын ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аумағы бес гектар жерді алып жатқан өлген малдар мен жан-жануарларды көметін арнайы орын жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға салынды.

- Өскемен қаласына қарайтын Ахмер, Меновное секілді ірілі-ұсақты он шақты елді мекеннің тұрғындары мен шаруашылықтарының өлім-жітімге ұшыраған малдарын арнайы орынға апарып көму мәселесі қаншама жылдан бері үлкен мәселеге айналып келді. Арнайы орынның болмауы облыс орталығы аумағының тазалығы мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалына да қауіпті. Қала іргесіндегі ол ауылдарда жеті мыңға жуық ұсақ мал, алты мыңдай ірі қара бар. 36 млн. теңгеге салынған санитарлық талаптарға сай арнайы орынға көмілген мал өлексесі жабық сыйымдылықта жүретін биологиялық процестер нәтижесінде өздігінен жанып, жойылып кетіп отырады, - дейді Өскемен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринарлық қызмет бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлік Ордабаев.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар