Үржар аудандық сот ғимараты ашылды

(Дауыстар: 1)
Үржар аудандық сот ғимараты ашылды

Жаңа жыл қарсаңында ШҚО-да Үржар аудандық соты ғимаратының ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облыстық соттың төрағасы Абай Рахметулин, облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов, облыстық әділет департаментінің басшысы Асхат Оразханұлы Оразхан, аудан әкімі Серік Зайнулдин қатысты.

Аудан халқы Қой жылын осындай зор қуанышпен қарсы алды. Облыстық сот төрағасы Абай Рахметулин жиналған қауымды қуаныштарымен құттықтады.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында бүгінде Қазақстан әлемге танымал болды. Еліміздің әлеуметтік, экономикалық әл-ауқаты артып, барлық өңірлерде осындай игілікті шаралар жүзеге асуда. Мұның өзі әлемде болып жатқан әрқилы қайшылықтар мен қиындықтарға қарамастан, еліміз өзінің алдына қойған мақсаттарына нақты қадам басып келе жатқандығының айғағы деуге болады. Бүгінгі ауданда ашылып отырған сот ғимараты да - соның дәлелі, - дей келіп, Абай Рахметулин аудандық сотқа Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің атынан жаңа «Шкода Рапид» автокөлігінің кілтін табыстады. Осынау салтанатты шарамен жұртшылықты құттықтаған ШҚО прокуроры Бағбан Тайымбетов те облыс орталығынан жырақта жатқан аудан үшін бұл үлкен сый болғанын атап көрсетіп, елімізде әрдайым әділеттіліктің салтанат құра беруін тіледі. Аудан әкімі Серік Зайнулдин бұл өткен жылы өңірімізде пайдалануға беріліп отырған бесінші жаңа ғимарат екендігін айтып, компьютер тарту етті. Шынында да, аудан бойынша ел игілігіне пайдалануға берілген жаңа нысандардың қатарына 140 орындық балабақша, мүгедек балаларға арналған әлеуметтік мекеме, екі орта мектеп ғимараттарын қосуға болады. Бұдан бөлек бірнеше әлеуметтік нысандардың қайта жөнделіп, қатарға қосылғанын айта кету керек.

Жалпы типтік жобада салынған аталмыш сот ғимараты екі залдан, 12 кабинеттен тұрады. Екі қабатты еңселі орынның іші жылы, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Облыс бойынша аудан орталығында бой көтерген бірден-бір типтік ірі жобаға тапсырыс беруші облыстық сот болса, құрылыс жұмыстарына 195 миллион теңге бөлінген. Бас мердігер Қуат Абжанов басқаратын «СМУ-Шығыс» ЖШС құрылыс сапасына ерекше мән берген. Басқа аудан орталықтарында жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған мұндай сот ғимараты әзірге жоқ.

Осы күні Шығыс Қазақстан облыстық құқық қорғау органдарының басшылары идеологиялық активпен кездесіп, Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді, жаңа жылдан бастап қолданысқа енгізілетін құқықтық реформа жайында кеңінен әңгіме қозғады.

Берікхан Тайжігіт
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар