Сұлулық: қой жылы қоңыр түске мән берген жөн

(Дауыстар: 1)
Сұлулық: қой жылы қоңыр түске мән берген жөн

Міне, Қой жылы да есігімізден еніп, төрге озды. Бұл жыл сән әлемі үшін несімен ерекше? Қандай түстерге көп мән берген жөн? Мамандар қандай ақыл-кеңестер айтады? Сән әлемі дегеніміз не? Ол - сұлулық. Сұлулыққа, әдемілікке деген іңкәрлік адам баласын үнемі алға жетелеп келе жатыр. Әр жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Осы орайда 2015 жылы да сән әлемінде жаңа бағыттар пайда болып, өзіндік стилімен есте қалмақ. Сіз ең бастысы, 2015 жыл - шығыс күнтізбесі бойынша Қой жылы екенін ұмытпаңыз. Ендеше, 2015 жылы негізінен қандай түстерге басымдық берген жөн?

Сән әлемінде белгілі бір стильді қалыптастыруда түс үлкен рөл атқарады. Психологтар адамның көңіл күйі мен өзін-өзі жайлы да ыңғайлы сезінуі үстіндегі киген киімінің түсіне да байланысты болатынын айтады. Түсті дұрыс таңдау арқылы сіз айналаңыздағы адамдарға әдемі көріне отырып, белгілі бір деңгейде психологиялық жағынан әсер де ете аласыз. Ендеше, 2015 жылы дизайнерлер сұр, қоңыр, ақ түстерге басымдық беруді жөн көреді. Қой малының азығы көк шөп болғандықтан, 2015 жылы өз гардеробыңызға көкшіл және жасыл түсті киімдерді де қосуды ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, әлемдік сән индустриясының алыптары Қой жылы алтын, қара, қызыл, сары түстерге де мән беруді ұсынады. Бұл жылы классикалық ақ пен қара түстер де сәннен шықпақ емес. Айтуларынша, Қой жылы етегі кең әрі ұзын, грек стиліндегі, годе, белдемше, шілтерлі, органза гүлді және тастармен безендіріліп тігілген көйлектер кез келген әйелдің нәзіктігін арттыра түседі. Сонымен қатар дизайнерлер екі түстен құралған жылтыр көйлектердің де 2015 жылдың тренді екенін айтады. Қой жылы қысқа етекті көйлектер де сәннен шықпайтын көрінеді. Тоқылған көйлектер де Қой жылының сәнінде екен.

Биылғы қыс маусымында ақ немесе жирен түстермен жиектелген сұр түсті ішіктер мен тондар үлкен сәнге ие. Аң терісінен тігілген жағалар да әдемі көрінбек. Ал бас киімдерге келетін болсақ, 2015 жылы кішкене қоңырауы бар шапочкалар сымбатыңызға көрік бермек.

Астрологтардың болжауынша, биылғы жаз өткен жылмен салыстырғанда ыстық болмақ. Сондықтан да жігіттер жағы зығыр талшығынан тігілген киімдерді таңдағаны дұрыс. Сондай-ақ, әртүрлі жануарлардың суреті бар футболкалар мен жейделерге де сұраныс мол болмақ.

Сәнді киінген, әрине, жақсы. Қазіргі күні дүкендерде де сәнді киімдер толып тұр. Бірақ бәрі де сіздің талғамыңызға байланысты екенін баса айтқымыз келеді. Ең бастысы, үстіңіздегі киіміңіз өзіңізге ұнап, жан дүниеңізбен үйлескені маңыздырақ. Сонда сіздің көңіл күйіңіз де жоғары болмақ.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Қазақстан

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар