Тері мен жүн кәдеге жаратылады

(Дауыстар: 1)
Тері мен жүн кәдеге жаратылады

Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында шағын және орта бизнеспен қоса отандық кәсіпорындарға да қолдау көрсетілетіні айтылды.

Сол мақсатта ұлттық қордан қомақты қаржы да бөлінбек. Семейдің тері-былғары комбинаты жылына 450 мың тонна мал терісін өңдеуді жолға қоймақ. Отандық бизнеске қолдау танытып отырған Үкіметтің тың қадамдары кәсіпорынның күнделікті тыныс-тіршілігіне де оң әсер ететіні сөзсіз. Айта кету керек, тері мен жүн шетелде өте жоғары бағаланса да, Қазақстанда бұған енді ғана мән бере бастады. Ауыл шаруашылығы саласының жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келе жатқандығы рас. Шаруа қожалықтарында да, жекеменшікте де төрт түліктің басы көбейіп келеді. Бұрындары ауылдардан жеткен терілер тұздалмаған күйінде, бүлінген немесе іске жарамсыз жағдайда келетіндіктен, қабылданбай қалатын. Енді бұл олқылықтың орны толып, кәсіпорын аудан орталықтарында жыл бойында үздіксіз тері қабылдайтын қоймалар ашты. Мемлекеттің ауылды жерлерде соятын қасапханалар ашу талабы да тері мен жүн өнімдерінің сапалы түрде жеткізілуіне септігін тигізіп отыр.

- Біз әлемдік нарықта ірі шетелдік кәсіпорындармен жұмыс істеуді жолға қоймақпыз. Бізде еңбек ететін жұмысшылар терінің сапасына мән беріп, талғай алатын, мал өнімдерімен жұмыс істей білетін мамандардың қатарынан. Ауылдан келетін адамдар сапалы түрде өңделіп әкелген терілерін осында өздері саудалай алады. Қазір ветеринария, зоотехния ғылымдарының дамыған уақыты. Шаруашылық иесі өзінің ірі қараларын оқыраға қарсы ектіріп алса, өте жақсы. Мұндай малдың терісімен қоса сүті мен етінің де сапасы артары сөзсіз. Қожалық иелері осындай мәселелерді ескергендері дұрыс. Біз облыстағы басқа да тері қабылдайтын пункттермен бәсекелестікті арттыруға тырысамыз. Мұның бәрі Елбасы тапсырғандай, ел экономикасының алға қарқынды жылжуына ықпал етеді. Өйткені, қабылданатын әр теріге нарықтағы тиесілі бағасын береміз. Егер терілер қолмен емес, Семейдің ет-консерві комбинатындағыдай механикалық тәсілмен сылынып алынса, біз үстіне 10 пайыз баға қосып, қымбаттырақ аламыз, себебі бұл өте сапалы тері.

Бұлай сыдырылған тері тиісті тұзы бар химикатпен өңделіп, қанша алыс жер болса да бізге бүлінбеген күйі жетеді. Алдағы уақытта жылқы терісін де қабылдамақпыз. Одан әскери аяқкиімдер тігіледі. Ал қойдың терісінен тондар, ішіктер және тағы басқа жылы киімдер жасалынады. Егер комбинат жұмысын қарқынды жалғастырса, Семейдегі жеңіл өнеркәсіп саласы кеңінен дамымақ. Бізде негізінен қол еңбегі қажет. Сондықтан жұмыс таба алмай жүрген әйел адамдар бізге келіп, тігінші, дизайнер, суретші, аяқкиім тігуші сияқты жұмыстарға тұра алады. 40 мың адамды жұмыспен қамтуға толық мүмкіндік бар, - дейді «Терібылғары комбинаты» ЖШС-нің бас директоры Жұмағазы Рахимғалиев.

Бұл күндері шет елдерде тері өңдеу технологиясы өте жоғары дамыған. Базарлар мен дүкендердегі Түркия тондары сұранысқа ие. Ал біз осыған дейін мыңғырған малымыздың терісін өз кәдемізге жаратпақ түгілі, сатып, пайдасын да көре алмай келдік. Мәселенің бәрі тері мен жүннің отандық нарықта бағаланбауынан туындап отыр. Халық қолдағы бар шикізаттарын арзан бағаға өткізе салуға мәжбүр. Сиыр терісінің келісі 500 теңгеден өтті делік. Одан көрші елдің кәсіпкерлері 5-6 аяқ киім жасап, әрқайсысын өзімізге 8-10 есе қымбатқа сатады. Сөйтіп, шетелдіктер шикізатты бізден өте арзан бағаға сатып алып, өздерінің экономикасын жандандыруда. Біздің облыс Елбасы Жолдауында айтылған үдемелі индустриялық-инновациялық даму, отандық өнім өңдеу, өндіру сияқты ауқымды шаралардан сырт қалмақ емес. Осы орайда Семей тері-былғары комбинатының алға қойып отырған жоспарлары өте үлкен. Қазір кәсіпорынға жан-жақтан тапсырыстар түсіп жатыр. Серіктестіктің бас директоры Жұмағазы Рахимғалиевтың айтуынша, кәсіпорын қаржы мәселесіне орай жылдар бойы тұралап қалуға мәжбүр болған. Қазір кәсіпорын өзінің заңды құқығын қалпына келтіріп, кәсіпкерлігін кеңінен дамытуда. Комбинат бүгінде тоқтап қалған жұмысын қайта қолға алды. Енді 2015 жылы тәулігіне 34 мың тері өңдей алатын болмақ. Өңдеген терілері Италия, Қытай, Үндістан елдерінде өте үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл елдермен ұзақ мерзімді келісімшарттар бекітілген.

- Шыны керек, Президенттің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын тыңдап отырып, қатты қуандым, - деді Жұмағазы Нұрбазарұлы. - Біздің кәсіпорын Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындауға әзір. Қайта жаңғырту, инновациялық технологиялар, жаңадан жұмыс орындарын ашу, экспортқа бағыттау, тіпті, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп, халық игілігіне пайдалану - осының бәрі де бізде 100 пайыз дайын. Жұмыс орындарын да бірнеше есе ұлғайтуға болады. Себебі, мұнда қойылған құрал-жабдықтар шетелдік жоғары технологияларға негізделген.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар