Жоғары кернеулі электр желілері тартылып жатыр

(Дауыстар: 1)
Жоғары кернеулі электр желілері тартылып жатыр
Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауына орай «KEGOK» АҚ басқарма басшысы Бақытжан Қажиев Астанадан арнайы келіп, жергілікті жұмысшылармен, еңбек адамдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Былтырғы жазда тұсауы кесілген «500 кВт Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасы екі кезеңде жүзеге асырылып, 2018 жылы аяқталады. Жалпы құны 120 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында қуаттылығы 500 кВт, ұзақтығы 1500 шақырым жоғары кернеулі электр желілерін және Семей, Ақтоғай, Талдықорған қалаларында қуаттылығы 500 кВт үш шағын станса салу қарастырылған.

- Былтырғы шілде айынан бастап, маңызды жұмыстың іргетасын қаладық десек те болады, - деді Бақытжан Қажиев. - Күзде ауа райына байланысты біраз қиындықтар туындаған еді. Бірақ жұмысшылар жоспарланған кестеге сәйкес қажырлы жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі орындалды. Жоғары кернеулі желінің құрылыс жұмыстарының барлығын отандық мердігер компаниялар атқаруда. Жоғары технологиялық құрылғылардан басқа, барлық қондырғылар мен шикізат жергілікті өндірушілерден алынуда. Олардың ішінде кабельдер, металл конструкциясы, темірбетон блоктары бар.

Ал мердігер болып табылатын «Сәтті жол» ЖШС учаске басшысы Марат Отарбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда учаскедегі жұмыстарды жүзеге асыруға көбіне осы өңірдің мамандары тартылған. Құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Тек ауа температурасы 35 градустан төмендеп, желдің жылдамдығы секундына он метрге дейін жеткен кездерде ғана техникалық қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтау мақсатында жұмыстар тоқтатылып тұрады.

- елбасы жариялаған Жаңа экономикалық саясатқа сәйкес, «Нұрлы Жол» бағдарламасында «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы» бағыттары бойынша жоғары кернеулі электр желілерін салуды жолға қойып отырмыз. Жоба жүзеге асса, Қазақстан біртұтас электр энергетикалық жаңа бағытта дамитын болады, - дейді «KEGOK» АҚ басқарма басшысы Бақытжан Қажиев.

Қазіргі уақытта «Семей» шағын стансасының құрылыс жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізілуде. Мұнда «Siemens» сияқты әлемдік өндірушілер шығарған заманауи жаңа қондырғылар орнатылып жатыр. Семей мен Өскемен қалаларының арасында желінің бойында үш жүзден астам бағана орнатылған, электр сымдарының монтажы жасалуда. Бақытжан Қажиевтың айтуынша, қазір облысымызға жетпей тұрған электр қуатын тасымалдау ресейлік желілер арқылы, соның ішінде Рубцовск қаласынан жүзеге асырылуда. Жоба аяқталып, желі пайдалануға берілсе, өңіріміз ресейлік транзиттерге тәуелділіктен толық арылады.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар