Қоғамдық көліктерді тәртіпке шақырды

(Дауыстар: 1)
Қоғамдық көліктерді тәртіпке шақырды

Семей қаласындағы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығының инженері Асқар Зиядановтың айтуынша, бүгінде қала аумағында шағын автобустарды құрайтын 15 бағыт бар. Орта есеппен алатын болсақ, аталған бағыттарда мөлшері 100-ден астам көлік қатынайды. Қызмет сапасын жақсарту мақсатында шағын қоғамдық көліктерді алмастыру жөнінде ұсыныс жасалмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Жолаушыларды шамадан артық тасымалдау жол қауіпсіздігіне көп әсер етеді. Егер қандай да бір жол апаты болса, бірінші кезекте жолаушылар зардап шегеді. Сондықтан мұндай шаралар жиі өткізіліп тұруы керек. Өздеріңіз байқап, көріп жүргендегідей, жолаушыларды шамадан артық тиеу оқиғалары жиі кездесіп отыр. Бұл жерде жолаушылар да адам толы қоғамдық көліктерге отырмауға тырысуы керек. Осыған орай қала тұрғындарына қоғамдық көліктерде тәртіпті сақтауларын сұраймыз, - дейді ол.

Бірақ жұмыстан үйге қайтуға немесе жұмысқа бет алған адам автобуста адам көп, аз деп таңдап тұра алмасы анық. Cондықтан да қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктерге арнайы рейд ұйымдастырылды. Арнайы құрылған жұмыс тобының құрамына полицейлер, жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары кірді. Көптеген проблемалар қарбалас сәттерде жиі орын алып жатады. Сала мамандары тексерісті осындай кешкілік қарбаласта жүргізді. Тексерілген көліктің көбі көліктерін шамадан тыс жолаушыларға толтырып алғаны анықталды.

- Аталған шара бірлескен жоспар негізінде жүзеге асырылып отыр. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мұрат Шәкәрімов.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар