Тұңғыш қазақ мектебін Семейде ашқан тұлға

(Дауыстар: 1)
Тұңғыш қазақ мектебін Семейде ашқан тұлға

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Семей қаласында тұңғыш қазақ мектебін ашқызып, қазаққа өз тілінің маңыздылығын ұқтырамын деп жанталаса еңбек сіңірген құрметті ақсақал Бәтташ Сыдықовтың есімін бүгінде облыс тұрғындары ерекше құрметпен атайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалада барлығы 70-ке жуық мектеп орыс тілінде оқытқан кезде, ұрпағымыз ана тілінде білім алсын деген бастама көтерген Бәтташ ағаның еңбегін жанқиярлық ерлік десек, артық емес. Осыны еске алған қаладағы №37 қазақ гимназиямектебінің оқушылары Семейдегі Комсомол кентінің маңындағы ақсақалдың зиратына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңіріндегі өкілі, Әнет баба атындағы орталық мешіттің бас имамы Мақсат қажы құран бағыштаған соң, шара мектепте жалғасып, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев, республикалық «Абай» журналының редакторы Мұратбек Оспанов, Халық ағарту ісінің үздігі, ардагер Кеңес Райымбеков қазақ гимназиясы оқушыларымен бірге «Тілім менің ғасырларға аманат» деп аталатын дөңгелек үстелде бас қосты. Басқосу барысында жиналғандар мемлекеттік тіл туралы ойларын ортаға салды. Тіл жайындағы жыр шумақтарын жас ақын Ерсұлтан Мұратов пен гимназияның «Жас қаламгерлер» үйірмесінің мүшелері нақышына келтіре оқыды. Жиын соңында Кеңес ақсақал жас ұрпаққа батасын беріп, қазақ тілінің мәртебесін биік ұстауды тапсырды. Ал Орал Шәріпбаев Бәтташ Сыдықовтың қайраткерлік тұлғасы жайындағы кітап пен қазақ тілін көркейтуге байланысты жасалған шаралар жинағы бар арнайы бейнетаспаны мектеп қорына табыс етті.

Раушан Нұғманбекова
фото автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар