Тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде өнімдер арзан

(Дауыстар: 1)
Тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде өнімдер арзан

Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен өңірлік азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру қорын басқару комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Онда қаңтар айындағы сауданың барысы, сонымен қатар, күріш пен қантты өткізу бағасы туралы мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сауда маусымының басынан бері қор 1700 тоннаға жуық көкөніс өнімдерін, атап айтсақ, картоп, орамжапырақ, сәбіз, пияз бен қызылшаны сатқан. Қор дүңгіршектерінде аталмыш көкөністер бірыңғай бағамен - келісі 65 теңгеден саудалануда. Тұрақтандыру қорының өнімін сатуға алған дүкендерде баға біраз жоғары - орташа алғанда 72 теңге.

Сауда нүктелері көп Семей қаласы қордың 873 тоннасын ғана өткізген, ал Өскемен болса 682 тоннаны саудалап үлгеріпті.

Қазіргі кезде тұрақтандыру қорының қоймаларында 6 600 тонна картоп, 1300 тонна орамжапырақ, 700 тонна сәбіз, 940 тонна пияз және 160 тонна қызылша бар. Өсімдік майының да жеткілікті мөлшері сақталған, оның литрі қор дүңгіршектерінде 210 теңгеден сатылуда.

Тұрақтандыру қорларына 64 тонна құмшекер мен 65 тонна күріш сатылып алынған. Дүңгіршектерде қант келісі 175, күріш 185 теңгеден өткізіледі деп белгіленіп отыр.

Өскемен қаласы тұрғындарының өтініші бойынша Аблакетка ықшамауданының муниципалды базарында қордың дүңгіршегін ашу жөнінде шешім қабылданған.

Дүйсенғазы Мусин «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығына көкөніс өнімдерінің сақталу жағдайын үнемі тексеріп тұруды міндеттеді. Өскемен қаласының әкімдігіне қор өнімдерін сататын сауда нүктелерінің санын көбейту бойынша тапсырма берілді.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар