Тәжірибелі мамандар таңдалып алынды

(Дауыстар: 1)
Тәжірибелі мамандар таңдалып алынды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Б» корпусына бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Конкурсты өткізуге жауапты комиссия жұмысының барынша жариялы да әділ жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық департаменттердің, облыстық әкімдіктің қызметкерлері комиссия отырысына бақылаушы ретінде қатысты.

Департаменттегі бос лауазымдық орындарға жұмысқа орналасуға облыс бойынша жиыны 42 үміткер 124 арыз (әр үміткер бірнеше лауазымға арызбен жүгінді) берді. Бұлардың бәрі де арнайы тестілеуден өтіп, қолдарына сертификат алғандар. Ал екінші кезең - әңгімелесуге жіберілген 42 болашақ мемлекеттік қызметшінің 41-і қатысты. Бір үміткер әңгімелесуге келуден бас тартты.

Екі күнге созылған конкурстың әңгімелесу кезеңінде комиссия мүшелері 41 үміткердің білімі мен біліктілігін жан-жақты тексеріп, алдағы атқаратын қызметтеріне орай көптеген сауалдар қойды. Нәтижесінде комиссияның шешімімен үміткерлердің 19-ы бос лауазымдарға тағайындауға ұсынылса, жеті адам кадрлық резервке қойылды. Ал қалған 15 адам әңгімелесу кезеңінен өте алған жоқ.

- Біз конкурсты барынша жариялы да ашық түрде өткізуді басты мақсат еттік. Сол себепті, сырттан бақылаушылар тобын шақырттық. Мәселен, облыстағы көптеген мемлекеттік мекемелердегі мұндай конкурстар ашық түрде өткізілмейді әрі сырттан бақылаушылар қатыстырылмайды. Содан барып үміткерлерде комиссия жұмысына күмән туады. Келешекте барлық мекемелер осыны ескеруі қажет. Өзімізге қажетті ең білікті де білімді, бәсекеге қабілетті мықты мамандарды таңдап алдық. Себебі, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыратын, әлеуметтік дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен үздіксіз күрес жүргізетін де осылар болмақ, - деді комиссия жұмысына төрағалық еткен департамент басшысының орынбасары - тәртіптік кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар