«Виртуалды автомобиль» технологиясын ойлап тапты

(Дауыстар: 1)
«Виртуалды автомобиль» технологиясын ойлап тапты

Өскемен қаласында инновациялық жобаларымен елге танылып жүрген креативті жастар жетерлік. Солардың бірі - өскемендік Михаил Юрченков. Жас жобалаушы және оның әріптестері VR-car деп аталатын «Виртуалды автомобиль» технологиясын жасап шығарды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның көмегімен автосалондар өз сайттарында көлік модельдерінің таныстырылымын «жанды» түрде жасай алады. Бұл өз кезегінде фирманың имиджін көтереді, көрмелер мен тұсаукесерлер кезінде көлікті жеткізбей-ақ таныстыруға мүмкіндік береді, әлеуетті тұтынушылардың санын арттырады.

Жуықта «Виртуалды автомобиль» жобасы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-дан қолдау тауып, инновациялық идеяны жүзеге асыруға қажетті қаржы бөлінді.

Бүгінде автокөлікті жан-жағынан көрсететін технологиялар баршылық. Технологияның бұл түрін автокөлік өндіретін ірі компаниялардың сайттары кеңінен пайдаланады. Шындығына келгенде, мұндай шешімдер автокөліктің нағыз өзін емес, оның 3D моделін көрсетеді. Көліктің 3D моделі шынайы өмірде оның нағыз бет-бейнесі мен бөлшектерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Сондай-ақ, бұл технология автокөліктің ішіне кіріп отырғандай әсер қалдырмайды.

- Мұндай технологиялардың тағы бір кемшін тұсы - шынайы автокөліктердің фотосуреті үлкен көлемді әрі жан-жақты айналатын қымбат платформаларда түсіріледі. Оны көптеген автосалондардың қалтасы көтермейді. Ал біздің ұсынып отырған жобамыз көп қаржыны талап етпейді, - дейді М.Юрченков.

Өскемендік жобалаушы ұсынып отырған «Виртуалды автомобиль» технологиясының басты ерекшелігі - көлік ішінде өзіңді шынайы отырғандай сезіну. Оның есігін ашып, қозғалтқышын қосып, шамын жағып, тіпті капотын көтеріп көруге мүмкіндік жасалған. Және бұл дыбыстардың барлығы шынайы сол автокөліктің өзінікі.

Ол үшін арнайы құрылғылар мен фотоға түсіру әдістері жасалды. Бағдарламалық қамсыздандыру әзірленді. Технология анимациялық, виртуалдық объект, 3D көрініс шешімдерін қамтыған.

- Біз осы жобаны «Бипек Авто» ЖШС-не ұсынған болатынбыз. Барлығы қаржыға келіп тіреліп тұр. Алдағы уақытта бір мәмілеге келіп, келісімшартқа қол қоямыз деген ойдамын, - дейді М.Юрченков. Бұл - Михаилдың алғашқы жобасы емес, бұған дейін де «байқоңырға саяхат», «Қазақстанға виртуалды саяхат» сынды жобаларымен танылып, Туризм және спорт министрлігі тарапынан түскен тапсырыстарды жүзеге асырған.

- Бір қарағанда, жоба қарапайым әрі өнімділікті арттыру жағынан тиімділігі жоқ болып көрінуі мүмкін. Алайда, ақпараттық технологиялардың дамыған заманында осындай дүниелер тұтынушыларға қажет, - дейді жобалаушы.

Алдағы уақытта «Виртуалды автомобиль» жобасын оның авторлары көрші елдерге де ұсынбақ. «Экосистем» ЖШС өз мақсаттарына жететіндіктеріне бек сенімді.

Лаура Тілеубайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар