Трамвайлар екі күннен бері қаңтарылып тұр

(Дауыстар: 1)
Трамвайлар екі күннен бері қаңтарылып тұр

Өскемен қаласында трамвайдың жүрмей қалғанына үш күн болды. Сарышұнақ аязда қала тұрғындары жұмыс орындарына уақытында бара алмай қиналуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Трамвай паркі қызметкерлерінің айтуына қарағанда, көлік Абай даңғылы мен Бажов көшесінің қиылысында, сондай-ақ Ворошилов көшесінің бойында осыдан үш күн бұрын орын алған жол-көлік оқиғаларының салдарынан тоқтап тұр.

Алдымен Абай - Бажов көшелері қиылысында микроавтобус жарық бағанасына соғылып, электр желісін зақымдап кетіпті. Трамвай паркінің жұмысшылары бұл апаттың салдарын жойып болғанша, дәл сол жерге КамАЗ жүк көлігі келіп, тағы соғылады. Бұл аздай, сол маңнан алыс емес, Ворошилов көшесінде зымырап келе жатқан тағы бір көлік жарық бағанасын қағып, барлық желілерді үзіп кетеді. Бір күнде орын алған осы жол-көлік оқиғаларының кесірінен шаһардың тұрғындары трамваймен ғана жетуге болатын жерлеріне бара алмай жүр.

Трамвай паркінің қызметкерлері қақаған аязда жөндеу жұмыстарын жүргізудің қиын екенін айтады.

- Жұмысшылар таңғы сағат жетіден түнгі бірге дейін жөндеу жұмыстарын жүргізгендеріне қарамастан, желілерді толық қалпына келтіру қиындық тудыруда. Әсіресе КамАЗ көлігі барлық сымдарды түп-тамырымен жұлып әкеткен. Кешке дейін желілерді жөндей алсақ, трамвай тек ертең ғана, яғни сәрсенбі күні жолға шығады, - дейді электр қызметінің жұмысшысы Владимир Чемарев.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар