Мешіт у ішіп өлмек болған әйелдің несиесін төлеп берді

(Дауыстар: 1)
Мешіт у ішіп өлмек болған әйелдің несиесін төлеп берді

ШҚО Шемонайха ауданының тұрғыны банк алдындағы несиесін қайтара алмауы себепті өз-өзіне қол жұмсауға дейін барғанын жазғанбыз. Бұл хабар жария болысымен-ақ, Шығыс Қазақстан облыстық мешіті сіркесу қышқылын ішіп өлгісі келген жанның қарызын өтеп берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлының айтуынша, әйелдің у ішкендігі туралы жаңалықты ақпарат құралдарынан оқыған сәтте қатты қапаланған. Дереу Шемонайха аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, ауруханаға түскен науқастың жағдайын сұрап, білген. Оның өзі ауырып жатқан соң, күйеуімен тілдескен. Әңгіме барысында күйеуі мен әйелі екеуінің атында жалпы сомасы 400 мың теңгеге жуық несие бары белгілі болады.

- Бұл жағдайды біле сала, қарап отыра алмадық, бірден көмек қолын созуға тырыстық. Пайғамбарымыз дүниеге келген қасиетті Мәуліт айында қайырымды іс жасау - үлкен сауап. Алла елшісі де қайырымдылық жасауды өте жақсы көрген және мұны өзгелерге өсиет еткен. Несиеге бола балалардың анасынан айырылып қала жаздағаны жанымызға батты. Сондықтан біз ақылдаса келе, ауыр жағдайға душар болған отбасының қарызын төлеп беруді ұйғардық, - деп түсіндірген Нұрлан қажы Байжігітұлы жалпы қайырымдылық жасау діни басқарманың алға қойған басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Шемонайха аудандық ішкі істер бөлімі қаңтар айының басында банк алдындағы борышын өтей алмаған әйелдің бір бөтелке сірке қышқылын ішіп, ауруханаға түскендігі туралы хабар таратқан-ды. Кейіннен жарық өмірмен қоштасқысы келген әйел екі баланың анасы екені, әлеуметтік жағдайына байланысты қарызды өтей алмағандығы анықталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар