Шығыс Қазақстан облыстық соты елімізде көш бастап тұр

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан облыстық соты елімізде көш бастап тұр

Шығыс Қазақстан облыстық сот қызметі елдің сенімінен шыға білуде. Бұған бұлтартпас дәлел ретінде былтыр сегіз өлшем бойынша анықталған республикалық рейтингте шығысқазақстандық соттардың көш басынан көрінуін алға тартар едік. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен болған 2014 жылды қорытындылаған жиында осындай жағымды жаңалық айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Орындалған жұмыстар жөнінде баяндама жасаған апелляциялық сот алқасының төрағасы Манат Көміршіновтің деректеріне сүйенсек, өткен жылы азаматтық және әкімшілік соттарға азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдардың саны артқан. Бұл сотқа деген ел сенімінің күшейе түскендігін білдіреді. Оның айтуынша, мұндай оң нәтижеге сот жұмысындағы ашықтық пен жариялылықтың арқасында қол жеткізіліп отыр. Алайда, алдағы күнде атқарылуын күтіп тұрған бірқатар мақсатміндеттерден бөлек, кемшіліктер де кездесіп қалады. Мәселен, өткен жылы Тарбағатай, Көкпекті, Ұлан аудандары, Курчатов қаласы соттарының қызметіне қатысты қарапайым тұрғындардан әртүрлі сипаттағы шағымдар түскен.

Қылмыстық сот өндірісі туралы ақпарат берген облыстық соттың судьясы Ержан Даулиев былтырғы бір жылда қаралған және аяқталған істердің саны әлдеқайда азайғанын мәлім етті. Бұған қоса судья биылдан бастап елімізде жаңадан қабылданған Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің заңдық күшіне енгенін атап көрсетті. Жаңадан қабылданған заңдарды түсіндіру мақсатында жыл басынан бері әртүрлі семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылуда. Дегенмен, Ержан Көкенұлы соттарға, оның ішінде, әсіресе жаңа тағайындалған әріптестеріне мұқият болуды, жаңадан қолданысқа енген құжаттарды үнемі бұрынғы нұсқамен салыстырып қарап отыру қажеттігін еске салды.

Шығыс Қазақстан облыстық соттың төрағасы Абай Рахметулиннің айтуынша, сот жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бүгінде ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа енгізілуі өзінің жемісін беруде. Мәселен, сот ісіне қатысушыларды хат-хабарлама (СМС) арқылы құлақтандыру, сондай-ақ, арыз шағымдар, өзге де өтініштер жолдау үшін электронды үкімет порталын пайдаланудың жан-жақты тиімділігі іс жүзінде дәлелденіп отыр.

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың тағы бір артықшылығы - орталықтан шалғайда тұратын адамдардың алтын уақыты мен қалта қаражатын үнемдеуі. Ауылдағы ағайындар сот процесіне қатысу үшін қалаға келмей-ақ, өзінің тұрғылықты жеріндегі сотқа барса жеткілікті. Сол жерде қатысушыларға тікелей эфирдегі бейнеконференция арқылы тиісті істің қарауына қатысуға мүмкіндік туғызылады. Өткен жылы дәл осындай интернетконференция арқылы мыңнан астам сот процесі өтіпті. нәтижесінде қаншама қаражат пен уақыт үнемделген.

Облыстық сотта жүзеге асып жатқан игілікті істермен танысқан аймақ басшысы Даниал Ахметов жиынға қатысушыларға еселі еңбектері үшін алғыс білдіріп, демократиялық һәм құқықтық мемлекетіміздегі заңдылық пен әділдіктің салтанат құруына үлес қосып жүрген мамандардың жауапкершілігі жоғары жұмыстарына табыс тіледі.

- Ең алдымен баршаңызды өткен жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізген жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Бұл жеңісте әрқайсысыңыздың үлестеріңіз бар. Адамдардың сот жүйесіне, құзырлы органдарға әділеттілік іздеп жүгінуі, олардың тарапынан сіздерге деген сенімнің нығая түскендігін аңғартады. Ақпараттық технологиялардың сот ісінде қолданыс табуы өте құптарлық жайт. Электронды жүйенің қызметін көріп, шынымен де ақпаратқа қолжетімділіктің жеңілдетілгеніне қуандым. Осының бәрі - Президент тапсырмасының жергілікті жерде тиянақты іске асып жатқанының көрінісі. Болашақта да біз Елбасы жүктеген міндеттерді орындау жолында тынбай еңбектенуіміз керек, - деп атап өткен облыс әкімі Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға тоқталды.

Атап айтар болсақ, энергетикалық, индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымын жаңғырту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау тәрізді Жолдауда көрсетілген маңызды міндеттерді іске асыру облыстың әлеуетін еселей түспек.

Сонымен қатар, ШҚО әкімі Кенді Алтайдың қойнауын толтырған кен түрлері, онда да баяу балқитын сирек металдарды игерудің артықшылығына, ауыл шаруашылығы өнеркәсібін өркендету мәселелеріне тоқталды.

- Әрине, мұның бәрін жүзеге асыру үшін әуелі елдің ішінде тұрақтылық пен келісім, татулық болуы қажет, - деген аймақ басшысы қазіргі шақта ішіміздегі береке-бірлікті сақтай білудің бағасы зор екенін ескертті. Бұл пікірді залда отырғандар бірауыздан қолдады. Жиын соңында облыстық соттың төрағасы Абай Рахметулин өткен жылы жемісті еңбек еткен әріптестерін құттықтап, марапаттар табыс етті.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: шқо соты

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар